3922Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің және облыстық «НҰР-АНА әлемі» қоғамдық бірлестігінің 25 жылдығына орай,«НҰР-АНА әлемі» қоғамдық бірлестігінің  құрамына енетін бір топ аналар, қасиетті құрбан айт мерекесі кезінде «Екі дүниенің есігі, Ер түріктің бесігі» атанған қасиетті қара шаңырақ,  еліміздің рухани астанасы,Қазақ хандығының ордасы болған - киелі Түркістан шаһарына барып қайтты.

Сонау 1991 жылдан бастап,қазақ халқының әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүрін жандандыруды, мәдениеті мен тарихын үйретуді, өскелең ұрпақ бойына қазақстандық патриотизмді дарытуды, адамгершілікті сіңіртуді мақсат етіп келген ойы-таза, ісі-адал ақ-әжелеріміздің, жалпы ананың қоғамдағы қадір-қасиетін жете түсініп,  жоспарлаған сапарларына қолдау еткен облыс және қала әкімшілігіне, түрлі этностар мен ұлыстарды бір шаңырақ астында жинаған Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясына,аналар қауымының ризашылығы зор.

Қыркүйек айының 11-інде Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблея төрағасының орынбасары, хатшылығының меңгерушісі Жетпісбаев Сейсенбай Қалижанұлы ақ әжелерге ақ жол және сәт-сапар тілеп киелі мекенге шығарып салды.

Бірлестік мүшелері сапарларының алғашқы күнін ең алдымен Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан Баб кесенесіне барудан басталды. Бұл жерде апаларымыз Алла тағаланыңризашылығы үшін құрбандық шалып,  бабалар аруағына дұға бағыштап,Алладанел тыныштығын, жұрт амандығын, ұрпағының жарқын болашағын тілеп, баба мүрдесі қойылған ерекше бөлмені көріп,Арыстан баб құдығының қасиетті суының дәмін татты.

Апаларымыздың ендігі жол бағытыТүркістанға жақын Майшай Әбенова атындағы ауылда көтерілген Ахмет Яссауидің қызы, тарихи архитектуралықұнды ескерткіштердің бірі, жергілікті халық «әулие ана» ретінде қастерлейтін  Гауһар-ана бейітінетартты.

Түркістан қаласында орналасқан «Түркістан» қонақүйінде бір қонып, таңғы астан кейін бүкіл түркі әлемінің қасиетті де киелі орны болып табылатын,Түркістандағы орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші,жүздеген жылдар бойында түркі сопысы, уағыздаушы, XII ғасырда өмір сүрген, бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны -Ахмет Яссауи кесенесіне саяхаттады.

Қожа Ахмет Яссауи ескерткіші – Орта Азия мен Қазақстандағы біздің заманымызға дейін сақталған ең зәулім күмбезді, қыштан соғылған ғимарат. Сыртқы көрінісі жинақы келген бұл құрылысқа үлкенді-кішілі 35 залдар мен бөлмелер сыйып тұр. Кесене 1978 жылдан бастап мұражай ретінде жұмыс істей бастаған. Ал 1989 жылы ол «Әзірет Сұлтан» деп аталып, мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы болып қайта құрылған, оның құрамына 19 тарихи ескерткіш енгізілген.Олардың барлығы бір-бірімен қос қабатты 8 дәлізбен және әр түрлі өтпелі баспалдақтармен жалғасып жатыр.

Ғимараттың құрылысына Әмір Темірдің өзі тікелей басшылық еткен. Кесене құрылысы жайлы Шериф ад-дин былай деп жазады: “Әзірбайжан, Парсы, Үнді және т.б. елдерінен әкелінген 200-ге жуық тас қалаушылар жұмыс істеп, тауда 500 адам тас өндірді. Тасты жеткізуге Үндіден әкелінген 95 піл пайдаланылды. Құрылыс барысына жиі қатысқан Темір жұмыс сапасына көңілі толмаған жағдайда кінәлілерді қатаң жазалап отырды. Темір заманында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сияқты құрылыс жоқтың қасы еді. Кесененің әрбір кірпіші қолдан жасалып, сапасы өте жоғары болды. Жол шығынынақарамастан оның шикізаты жүздеген километрден жеткізілген екен.

Залдың қақ ортасында сыйымдылығы 3000 л, салмағы екі тонна, үлкен қоладан құйылған тайқазан орналасқан. Қазан Абд-ал-Азиз шебердің басқаруымен Ясы қаласынан солтүстікке қарай 25 шақырым жердегі Қарнақ деген елді мекенде жеті түрлі металдың қоспасынан құйылған. 1935 жылы Ленинградта өткен халықаралық конгресске тайқазан апарылған болатын. Бірнеше жыл Эрмитажда тұрған тайқазан, тек қана 1989 жылы Отанымызға қайта әкелінген.

ХV ғасырдың аяғынан ХІХ ғасырдың бірінші ширегіне дейін Түркістанда қазақ хандарының ордасы орналасқан кезде хан сарайы ретінде қолданылып, мұнда ел басқару және дипломатиялық істер, әскери келіссөздер өткізіліп отырған. Мұнда Әбілхайыр хан, Рәбия Сұлтан Бегім, Абылай хан, Есім хан құлпытастары қойылған және қазақ халқының 21 хан-сұлтаны, көптеген батырлары мен билері игі жақсылары жерленгенқасиетті орда.

Зиярат етіп келген халықтың құлшылық, ғибадатын атқаруға арналған – Мешіт ерекше нақышпен көркемделген, тамаша архитектуралық құрылыс. Ол мойындығында бөлмеге ерекше жарық беріп тұратын он алты терезесі бар қосқабат күмбезбен көмкерілген сопақша зал, екі үлкен терезесі бар. Солтүстік Батыс жағындағы шағын бөлмеде Құран, жайнамаздар, шырағдандар сақталған. Жоғарыға көтерілетін баспалдақтар бұл бөлмеде де қойылған. Жамағатхана, Қабірхана мен Мешіт қабырғаларының төменгі жағы көкшіл қыш тақташалардан тұратын майолика тыстамамен қапталып, алтын жалатылған өрнектермен көмкерілген.

Шығыс моншасы – жартылай жер астына салынған көп күмбезді құрылыс, күйдірілген шаршы кірпіштен қаланған. Қасбеттерінің сәндік әшекейлері жоқ, қабырғалары кірпіштен қаланған.

Кесененің сыртында оңтүстік-батыс мұнарасынан бастап үш жағын толығымен қамтып, солтүстік-шығыс мұнараға тіреліп аяқталатын жоғарғы фризде Құран-Кәрімнің Әнғам сүресінің аяттары сулс жазу үлгісімен таңбаланған. Бұл аяттарда шексіз Құдірет пен Ғылым иесі Алла Тағаланың назарынан қараңғы мен көместің, түпсіз тереңнің де ешқандай сыры тыс қалмайтыны айтылады.

Гүлдестелерде, қабырғаның әр тұсында, әралуан өрнектермен Алланың көркем есімдері, пайғамбар аты таңбаланған. Бүгінгі күндері көптеген кірпіш беттерінен алақан мен саусақ іздерін айқын көруге болады. Кептірілген кірпіштерді төңкерілген қазан бейнесіндегі аузы үстіне қараған арнайы пеште күйдірген. Пешке арнайы отын пайдаланған.

Ата-бабаларымыз көне заманнан Түркістан топырағына барып, мінәжат етіп, қасиет тұтқан. Хандар таққа отырған кезде Қожа Ахмет ақынның басында тұрып ант берген. Ата-бабаларыңның ерлік жолын, тасқа басылған сөзін іздегендер, осы көне Түркістаннан табады. Өйткені тарихы терең Түркістан қышпен, таспен жазылған кітап тәрізді.

Павлодар облыстық «НҰР-АНА әлемі» ҚБ-нің төрайымы Бақытжамал Шаханқызының жетекшілігімен,  оның ішіндеасыл да қымбат апамыз Зара Қабдешқызы Қожахметова, екі қажы апамыз және бірлестіктің бір топ белді, белсенді мүшелеріҚұрбан айт мерекесі күніата-баба жолын ұстанып,ҚАСИЕТТІ, КИЕЛІ МЕКЕН – ТҮРКІСТАН қаласында болып, алдымен міндетті түрде Отырардағы Арыстан Бабтың басына барып, құл­шылық етіп, құрбандық шалып,намаздарын оқып, дұға бағыштап, кейін Қожа Ахметтің басына келіп, садақа беріп, бар ықыласымен тілектерін тілеп, бір үлкен міндеттерін атқарып,  туған өлкеге оралды.

“Ана” үш-ақ әріптен құралған киелі де қастерлі сөз. Әркімнің анасы бар. Осы  аналарды құрмет тұтып, қастерлеп, тілектерін аяқ асты етпеген жандарға ақ әжелеріміздің атынан мың алғыс.

 

Гүлнара Типанова –

Павлодар облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім»КММ-нің аналитика-әдістемелік жұмысы жөніндегі және

 

 ғылыми-сарапшылық сүйемелдеу бөлімінің басшысы

Фото

3922

Фото

3923

Фото

3924

Фото

3925

Фото

3926

Фото

3927

Фото

3928

Фото

3929

Фото

3930