3913Жуырда «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінде «Медиация үдерісінің ерекшеліктері» тақырыбында дәріс оқылды. Бұл дәріс медиаторларды дайындау бағытындағы оқу бағдарламасы аясында дайындалды. Аталмыш оқу бағдарламасы 15-ші қыркүйекте басталып, 22-ші желтоқсанға дейін жалғасатын болады. Іс-шараға үкіметтік емес жастар ұйымдарының мүшелері, мұғалімдер белсене қатысты.

«Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің медиация орталығының басшысы О.Л. Николашинаның айтуынша, бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты мен Қазақстан халқы Ассамблеясыны арасындағы 2016 жылғы 30-шы маусымда бекітілген Меморандум аясында жұмыс жасауда. Оқу бағдарламасының басты мақсаты кәсіби және кәсіби емес медиаторларды дайындау болып табылады.  

Іс-шара барысында сот медиациясының қыр-сыры жөнінде Павлодар қалалық сотының судьясы Г.Х. Юсупова баяндап берді. Ал медияция тренері, «Медиаторлардың ұлттық палатасы» қоғамдық бірлестігінің өкілдігінің басшысы С.Т. Қайдарова жиналған қауымды медиация үдерісінің ерекшеліктерімен таныстырды.

«Медиация – бұл дауды шешудің бір жолы болып табылады» - деді медиация тренеті С.Т. Қайдарова. «Әрбір азаматтың сотқа жүгіну құқығы бар. Сотты таңдаса, судья тағайындалады да, ол заңға сәйкес өзінің билігіне сай шешімін шығарады, сөйтіп барлығы аяқталады. Ал медиация кезінде медиатор шешім шығармайды. Ол тиімді жағдайлар жасау арқылы, дауласып жатқан тараптардың өздері тапқан, екі жаққа да тиімді жолдарына түсіріп береді» - деп сөзін жалғастырды ол. Сондай-ақ, Салтанат Төлетайқызы дүниежүзілік тәжірибеге де тоқталып өтті. Оның айтуынша, медиацияға жүгінген 93 пайыз адамдар, сотқа ешқашан қайтып оралмайды екен.

Оқу бағдарламасының аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.

 

 

Айтпаев Мақсат

Фото

3913

Фото

3914

Фото

3915

        Фото

3916

        Фото

3917

        Фото

3918

        Фото

3919

        Фото

3920

        Фото

3921