3900Қыркүйектің 27-ші жұлдызында обыстық арнайы жалпы білім беру мектеп-интернатында салтанатты іс-шара өтті. Кездесудің басты мақсаты мектеп басшылығы мен облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі арасында өзара ынтымақтастық бойынша келісімді рәсімдеу болып табылды.

Облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің және облыстық «Нұр-ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Максилова Бақытжамал Шаханқызының айтуынша бұл келісімнің басты мәні рухани бірлік идеяларын қалыптастыру мен өрістету, халық достығы мен ұлтаралық келісімді нығайту және сақтау, еліміздің болашағы – жас өскінді патриоттық бағытта тәрбиелеу болып табылады.  

Өз сөзінде Аналар кеңесі төрайымының орынбасары, облыстық фин-угор этномәдени бірлестігінің төрайымы Николашина Ольга Леонидовна облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жетістіктері мен өмірі жөнінде баяндап берді. «Қазіргі таңда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы құрамында 24 этномәдени бірлестік қоян-қолтық жұмыс істеп келеді. Олардың қатарында 40-тан астам этностың өкілдері бар. Алдағы бір жыл ішінде біз сіздерді олардың мәдениетімен, дәстүрлерімен және әдет-ғұрыптарымен таныстыратын боламыз» - деді Ольга Леонидовна. Сонымен қатар ол барлық бүлдіршіндерге жақсы оқу мен зор денсаулық тіледі.

Әрине, айтулы күні Аналар кеңесінің мүшелері құр қол келмеген еді. Ақ жаулықты әжелер балаларға тәттілерден таратып дәм татырды. Сондай-ақ, арнайы мектеп оқушылары үшін облыстық «Нұр-ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің «Ару ана» және облыстық фин-угор этномәдени бірлестігінің жанұялық «Эсне» ансамбілдері концерттік бағдарламасын ұсынды. «Ару ана» ансамбілі Отан тақырыбында қазақ халықының әндерінен шашу шашты. Ал «Эсне» ансамбілінің мордва, орыс және қазақ тілдерінде айтылған көңілді әндеріне барша көрермен ортаға шығып би биледі.

Өз алдында, шексіз алғыстарын білдіріскен интернат оқушылары Аналар кеңесінің мүшелеріне әдемі суретті сыйға тартты. Енді бұл туынды кеңестің кеңсесін көріктендіретін болады.

Айтпаев Мақсат 

 

Фото

3900

Фото

3901

Фото

3902

Фото

3903

Фото

3904

Фото

3905

Фото

3906

Фото

3907

Фото

3908

Фото

3909

Фото

3910

Фото

3912

Фото

3912