3895Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінде 19 жаңа оқу жылына арналған салтанатты жиын өтті. Биылғы жылы мектепте 15 ұлттық бөлілімше мен екі қазақ және орыс мәдени орталықтары жұмыс жасайтын болады. Достық үйінің алаңында өткен салтанатты шараға мектептің 500-ден астам тәрбиеленуші атсалысты.

Салтанатты жиын қонақтары Павлодар облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төраға орынбасары Жетпысбаев Сейсенбай Қалижанұлы, Павлодар облысының тілдер басқармасы басшысының орынбасары Кокина Гульсара Зейнуллақызы педагогтар мен тәрбиеленушілерді жаңа оқу жылымен құттықтап, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсанында  жаңа табыстар мен асқақ белестерді бағындыруды тіледі.

Байманова Жамал Сапарқызы, тәрбие және оқу жұмысы бойынша метеп директорының орынбасары:

- Ассамблеяның қамқорлы қанатының астында біздің мектепте тәрбиеленушілерге білім алуға қажетті жағдайлар жасалған. Биылғы 15 тәрбиеленуші еліміздің көрікті жерлерінің бірі Борабайда дем алып келді. 200 тәрбиеленушіміз облыстық деңгейде «Бір шаңырақ астында» этнофестивалі алаңдарында өнерлерін көрсетті.

Айта кетейік, салтанатты шара барысында көрермендерге ұсынылған мектеп тәрбиеленушілерінің өнері жаңадан келген балаларды жаңа білім алуға, ұлттық өнерге шабыттандырды. Ал алдағы жаңа оқу жылында тәрбиеленушілер мен ата-аналарды тіл мен шығармашылық қабілеттерін дамытатын жаңа жобалар, қызықты бағдарламалар, тынымды бағыттар күтуде.

Сағатова А,

 

Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің мұғалімі

Фото

3895

Фото

3896

Фото

3897

Фото

3898

Фото

3899