3889С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттер ұлттық бірлікті қалыптастырудағы, қоғамдық бірлікті сақтаудағы тілдің орнын талқылады.

1998 жылы 22 қыркүйек Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесі болып белгіленіп, содан бері тойланып келеді. 

Конференцияға «Бірлік» студенттік Ассамблеясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ұйытқы болды.

Аталмыш қоғамдық-ғылыми конференция студенттер арасында көптілділікті және мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға бағытталды.

Басқосудың құрметті қонақтары ретінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қ. Даржуман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің ұстаздары, Павлодар мемлекеттік университетінің көптілді білім беру орталығының мамандары,  Қазақстан журналистер одағының мүшелері қатысты.

Облыстық ҚХА мүшесі, татар-башқұрт бөлімінің ұстазы Роза Серасшетдинова өз сөзінде әр ұлт өкілі қай елде тұрса да ана тілін білуі қажет екенін ескеріп, аталмыш шаралар мәдени және тілдік әр алуандылықтың дамуына ықпал ететінін айтты.

Мұнымен қоса, қазіргі уақытта шетел тілін игерудің маңыздылығы мен тілдердің даму тарихы  жөнінде танымды да қызықты баяндамаларын С. Торайғыров атындағы ПМУ филологтары, тарихшылары мен журналистері ұсынды.

Конференция соңында қонақтар мәдениаралық коммуникациялар мен лингвистикаға арқау болған кітапхана қорының сирек кітаптары көрмесімен таныс болды.

www.psu.kz

Фото

 

3889

Фото

3891

Фото

3892

Фото

3893

Фото

3894