3877Павлодарлықтар үшінші жыл қатарынан «қауын мерекесін» атап өтуде. Мерекені әдеттегідей «Ситораи Сомон» облыстық тәжік этномәдени бірлестігі ұйымдастырды. Шараға облыстық ҚХА мүшелері, орталық саябақтағы демалушылар және қала қонақтары қатысты.

Қазіргі таңда облыста жарты мыңнан астам тәжік ұлтының өкілдері мекен етуде. Осыған қарамастан 2013 жылы павлодарлық тәжік ұлтының зиялы қауым өкілдері өздерінің этномідени бірлестігін құрға ниет білдірген болатын. Көп ұзамай «Ситораи Сомон» атты облыстық тәжік этномәдени бірлестігі дүниеге келді. Бүгінде Гулов Хусайн Шомахмадұлы басшылығымен жұмыс жасап келе жатқан бұл ұйым түрлі шаралар барысында өздерінің мәдениетімен өңір халқын таныстыруда.

Ежелден келе жатқан тәжік халқының мәдениеті ерекше бай болып келеді. Қауын мерекесі тойланатын күні таң ата салысымен карнай деп аталатын ұлттық аспап үні халықты елді мекеннің орталық алаңына жинайтын болған. Бұл күні дихандар өздерінің жетістіктерін көрсете отырып, бұл жемістің ең ірі, әрі ең дәмді үлгңлерін алаңға әкелген. Әрбір адам өзіне ұнаған қауынның бір тілімін алып дәмін татқан. 

Шара жүргізушілері бақша өсімдігінің көптеген пайдалы қасиеттеріне тоқтала отырып, піскен жемісті қалайша дұрыс таңдау керек екендігіне де тоқталды. Олардың айтуынша қауын адамды жасартады, оның терісін қалпына келтіреді және, ең бастысы, адамның көңіл-күйін көтереді!   

Қонақжайлылық Шығыс елдері халықтарының ең басты қасиеттерінің болып табылады. Сол себепті, ежелден келе жатқан салтқа сай мереке ұйымдастырушылары келген қонақтарға кең дастархан жайды. Мерекеге орай тәжік аспазшылары орталық саябақта үлген қазанда нағыз тәжік палауын дайындады. Палау мен хош иісті кауын барлық көрермендерге таратылды. 

Тәжік халқының ежелден сақталған салтына сай, қауыннан дәм татқан адамдар оны өсірген, баптаған және жинаған дихандарға алғыстарын білдіреді. Ал Павлодардағы мереке ерекше болды. Өйткені шексіз алғыстар қауынды өсірген дихандармен қатар, бұл керемет жемістен дәм татқандарға да білдірілді!

Бұл күні «бақша ханшайымы» қауынға арнап Якуб Джабинов пен «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің маманы Алиша Османова әннен шашу шашты. Сонымен қатар мерекелік бағдарламаға Нұрлан Беков басшылық ететін Достық үйінің би ансамбілі де белсене атсалысты. Олардың орындауындағы әдемі тәжік билері барша көрермендердің көңілінен шықты.

Мақсат Айтпаев

Фото

3878

Фото

3879

Фото

3880

Фото

3881

Фото

3882

Фото

3883

Фото

3884

Фото

3885

Фото

3886

Фото

3877