3866Өткен демалыс күні орталық саябақ әдеттегідей қонақтарға лық толды. Өзінің фестивальдік бағдарламасын облыстық «Полония» этномәдени бірлестігі Қазақстан Респудбикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арнады.

 

Павлодарлық поляктар өңірдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өміріндегі үлесі ерекше болып келеді. Оларлың арасында атақты дәрігерлер, ғалымдар мен бизнесмендер бар. Қазіргі таңда «Полония» түрлі шаралар барысында халық шығармашылығын насихаттауға баса назар аударуда. Осындай шаралардың бірі «Бір отбастында тұрамыз» жазғы фестивалі болып табылады. 

 

Биылғы жыл Қазақстандық поляктардың депортацияға ұшырауының 80-жылдық датасымен ерекшеленеді. 1936-1939 жылдар аралығында елімізге 190 мыңнан астам этникалық поляк депортацияланды. Сол сұрапыл жылдары олар қиын қыстау күндерді бастарынан өткізді. Сақталған құжаттардағы мәліметтерге сүйенсек, өңірді мекен еткен жұртшылық оларды жақсы қарсы алды, сол себепті болар, депортацияланғандардың көпшілігі болашақ өмірлерін Қазақстанмен байланыстырды. Өз сөзінде «Полония» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Свинцицкий Виталий Зифридович поляктар қазақтардың сол жылдардағы көрсеткен қамқорлықтарын ешқашан ұмытпайтынын атап өтті.   

 

Сондай-ақ, ол 23 тамыз күні Польшадағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен өткен бизнес-форумы жөнінде сөз қозғады. Кездесу барысындағы Н.Ә. Назарбаевтың сөзінше Польша Қазақстан үшін Еуро Одақтағы ең сенімді саяси және экономикалық серіктесі болып табылады. Виталий Зифридович осы шара төнірегінде бірлестіктің «Сырэны» әйелдер вокалдық тобы Любань қаласының басшылығынан шақырту алғанын қуанышпен жеткізді. «Сырэны» вокалдық тобы Любань қаласының тұрғындарына үлкен концерттік бағдарлама ұсынған болатын. Олар бұл бағдарламының үзіндісін жазғы фестиваль қонақтарына да паш етті.  

 

Фестиваль қонақтарына ұйымдастырушылар бай әрі қызықты бағдарлама ұсынды. Концертке «Нарциз» жастар вокалды-хореографиялық ұжымы, «Ягудки» балалар вокалдық тобы және «Сырэны» вокалдық тобы белсенді атсалысты.   

 

Поляктарды әлемге танытқан өнерлердің бірі – би болып табылады. Осындай тамаша билердің қатарында полонез, краковяк, оберек және куявяк билерінің орны ерекше. Этномәдени бірлестіктердің бишілері бұл өнердегі жетістіктерін көрсетіп қана қоймай, поляк халқының ұлттық киім үлгілерімен де жұртшылық ықыласына ие болды. 

 

Бағдарлама барысында «Полония» таланттарға бай екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бірлестік құрамындағы өнерпаздар репертуарындағы салттық әуендер поляк халқының бай тарихынан сыр шертті.  «Нарцыз» вокалдық ансамбілінің қатысушылары «Siadaj nie gadaj» деп аталатын үйлену тойы кезінде айтылатын тамаша әнімен көзге түсті. Сонымен қатар,ерекше дарын иелерінің қатарына Елена Крицкаяны жатқызуға болады. Оның өнері Польшадағы жұртшылықты тәнті еткен болатын. Фестиваль барысында да барлығы қайталанды! Әншінің «Мен сенің бейнеңді көремін» атты поляк тіліндегі әнінен кейін фестиваль қонақтарының көпке дейін ду қол шапалағы үзілмеді.  

Мақсат Айтпаев

Фото

3867

Фото

3868

Фото

3869

Фото

3870

Фото

3872

Фото

3871

Фото

3873

Фото

3874

Фото

3875

Фото

3876

Фото

3866