37961955 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған кезде облыста 2000-нан астам чуваш тұрып жатты. Қазақстан халқы Ассамблеясы Ертістің Павлодар өңірінде тұрып жатқан чуваштарды бір үлкен отбасына бірігуіне ықпал жасады және қазіргі күні оларға чуваш халқының мәдениетін, тілі мен дәстүрлерін сақтауға көмектеседі.

Чуваш қоғамдық мәдени орталығының алғашқы құрылған күнінен бастап «Сеспель» фольклорлық ансамблі жұмыс істейді. Баяншы Гайнутдин Айнутдинович Ташимов ансамбілдің көркемдік жетекшісі болып табылады. Осы жылдар ішінде ансамбіл барлық қалалық және облыстық іс-шараларға қатысады және бірнеше мәрте облыстық Қазақстан халқының мәдениет және өнер фестивальдарының лауреаты атанды.

Чуваш мәдениеті күндеріне арналған мерекелік іс-шара өткен жексенбі күні қалалық мәдениет және демалыс бағында өтті. Мерекелік шараға «Сеспель» шығармашылық ансамблінің қыруар табынушылары, облыстық ЭМБ жетекшілері және мүшелері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Ансамбль жетекшісі Г.А.Ташимов ансамбль үшін репертуарды мұқият таңдап алған. Фестиваль бағдарламасына ескі халық әндерімен бірге заманауи чуваш және қазақ композиторларының музыкалық шығармалары да енген.

«Сеспель» ансамблінің репертуары өте бай. Осындай әндер және билерді тек Павлодарда ғана көрсету – бұл күнә. Менің ойымша ансамбль шығармашылығын одан әрі насихаттау керек» - деді Чувашиядан келген құрметті қонақ, Чуваш ұлттық конгресінің «Канаш» ақсақалдар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, профессор, философия ғылымдарының докторы Федотов Василий Артемьевич. Сонымен қатар, ол Павлодар чуваштарының бір арманы бар екенін айтты – ол тарихи отаны Чуваш Республикасына және астанасы Чебоксар қаласына барып қайту. Өз сөзінде осы арманның жуыр арада орындалуын тіледі.

Іс-шара жүргізушілері айтып өткендей, тамыз айы жазғы ай мерекелерінің ең бір бай айы болып саналады. Бұған қоса осы дәстүрлер тамырымен өте ерте заманға кетеді. Осы күні ЭМБ қатысушылары барлық қонақтарды 2016 жылғы алмалы, жаңғақты және балды спас ерекшеліктерімен таныстырды, мұны православ халықтар, оның ішінде чуваштар дәстүрлі түрде атап өтеді және сақтайды.

«Спас» мерекесінің атауы өте ерте заманда пайда болған, ол «Құтқарушы» (Спаситель) сөзінен қысқартылып алынған. Церковь күнтізбесі бойынша үш Спасты белгілеу керек: алмалы, жаңғақты және балды.

Әрқайсысының датасы жылдан жылға өзгеріссіз қала береді. Мерекеде осының әрқайсысы туралы айтып өтті.

Алмалы спасы – бұл көне мерекелердің бірі. Әдетте осы уақытта бақтарда өнімдерді жинау басталады, осыдан алмалы спасы деп аталады. Жас қыздар алма ағаштарынан, оның жапырағынан шір өріп, сұлулық пен жастықты сұрайды. Сондай-ақ адамдар кең далаға шығып шеңберге тұрып ән айтып, келе жатқан күзді қарсы алады. Әр үйдің дастарханында міндетті түрде алмадан жасалған тағамдар дайыналу керек. Сондай-ақ, осы күнгі ауа райына қарап алдағы күз бен қыс басы қалай болатынын білуге болады. Жаңбыр қарлы қыс болады деп, ал шуақты күн қаңтар айы ашық және аязды болатынын білдіреді.

Жаңғақты спас орманды жаңғақтарды жинау басталғанын білдіреді. Ол жылдағы үшінші және соңғы спас болып табылады. Сондай-ақ оны «Егінді» деп айтуға болады, себебі осы уақытта егін науқаны аяқталады. Әйелдер таңнан бастап қамыр илеп, нанмен бәліштерді пісірумен айналысады.

Бал спасы кезінде балды ара ұяларынан жинау басталады. Осы күні бал қосылған тағамдар, квас ішкен абзал, және барлық тағамдарға бал қосылу керек.

Іс-шара шеңберінде көрермендер арасында сұрақтар қойылып, викториналар өткізілді. Бұл ойындар арқасында барлық қонақтар балдың пайдалы қасиеттері туралы көп мағлұмат алды.

 Айтпаев Мақсат

Мәтінді аударған Н.Х.Смағұлова

Фото

3796

Фото

3797

Фото

3798

Фото

3799

Фото

3800

Фото

3801