3775

 

Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері «Ақ орамал» республикалық акциясы шеңберінде облыстық перинаталдық орталыққа барды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.К.Нүркинаның қатысуымен өтті. Жас босанған әйелдерге бейбітшілік белгісі ретінде ақ орамал табыс етілді.

Аналар кеңесінің төрайымы Б.Ш.Максилова жас аналарға және кішкентай сәбилерге барлық аналардың атынан ақ жол тілеп, ақ батасын берді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.К.Нүркина жас аналар мен олардың бүлдіршіндеріне зор денсаулық тіледі, сондай-ақ, оларды әлемді қастерлейтін, лайықты азамат етіп тәрбиелеу – бұл ең бастысы анаға байланысты.

 

Кездесу жалпы бейбітшілікті сақтауға, келіссөз жолы арқылы дауларды шешуге, барша қоғамды соғысқа, терроризмге, қантөгіске қарсы біріктіруге шақыруға арналды.

ЭМБ жұмыстары бойынша бөлім басшысы

А.А.Орумбаева ,

Мәтінді аударған – Н.Х.Смагулова