3751

4 тамызда Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-ның «Достық» концерт залында «Медиация күні» республикалық акциясы шеңберінде ашық есіктер күні өтті. Іс-шараны облыстық ҚХА және Павлодар қалалық сотының қолдауымен «»Қоғамдық келісім» КММ-ның Медиация орталығы ұйымдастырды. Аталмыш іс-шараға қалалық әкімдіктің, облыстық және қалалық соттың, ішкі саясат басқармасының өкілдері, қалалар мен аудандардың медиация кабинеттерінің мамандары, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, әлеуметтік педагогтар, кәмелетке толмағандармен жұмыс бойынша инспекторлар, учаскелік қызметкерлер қатысты. Медиация дауларды шешудің аса жеңіл баламалы жолы болып табылады. Медиация рәсімі кезінде дауласушы жақтар медиатордың тәжірибесіне, біліміне және іскерлігіне сүйеніп, өз еркімен өзара тиімді шешімге келеді. Іс-шара шеңберінде концерт залында «Медиация – қазақстандық қоғамның сындарлы болашағы» атты дөңгелек үстел өтті, онда қатысушылар өңірде дауларды баламалы шешуді дамыту болашағын талқылады, медиация институты туралы жаңа ақпарат алды, тәжірибелерімен бөлісті.

         Дөңгелек үстел шеңберінде Павлодар қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы Н.Б.Әбдікәрімов медиация рәсімінің басымдылығы туралы айтты және Павлодар қалалық соты бойынша 2016 жылғы 1–ші қаңтардан 1-ші шілдеге дейінгі кезеңге статистика келтірді. Оның айтуы бойынша осы аралықта медиация жолымен 268 іс ойдағыдай аяқталды.

         Сонымен қатар, іс-шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ-ның Медиация орталығы жанында «Жас медиатор» жастар тобы таныстырылды. Жастар тобының барлық қатысушыларына салтанатты түрде куәлік табыс етілді.

 

         Медиация жұмысын көпшілікке таныстыру мақсатында Павлодар қалалық сотымен «Қоғамдық келісім» КММ-ның Медиация орталығы бірлесіп бірнеше іс-шара ұйымдастырғанын атап өтпеуге болмайды. Олардың ішінде: 28-ші шілдеде қалалық сотының конференц залында БАҚ-мен пресс-конференция; 1-ші тамызда «Қоғамдық келісім» КММ конференц залында ішкі саясат басқармасы өкілдерімен кездесу өтті, сонымен қатар 4-ші тамызда медиация институты туралы ақпараттық флайер-парақшалар тарату және «Медиация деген не?» тұрғындармен бейне-мониторинг – промо-акция өткізілді. Осы акция шеңберінде 183 павлодарлықтан сауалнама жүргізілді, оның ішінде зейнеткер және жас аналар, такси және трамвай жүргізушілері, студенттер мен бизнесмендер болды. Өкініштісі, «Медиация деген не?» сұрағына тек бірлігі ғана дұрыс жауап берді, бұл Қазақстанда «медиация институтының» болашағы әлі де алда екенін білдіреді!

 

Айтпаев Мақсат