3750

 

«Ақ орамал» республикалық акциясы шеңберінде Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің өкілдері №2033 Павлодар шекара сақшылары ә/б жасағына барды.

«Дөңгелек үстел» барысында акция мақсаты, іс-шараның идеологиялық маңызы туралы айтты. Этномәдени бірлестіктердің төрайымдары Т.И.Кузина, М.А.Байрамкулова Аналар кеңесі атынан біздің балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы туралы өздерінің үрейлері мен үміттерін айтты. Әскери қызметшілер тарапынан елдің барша азаматтарын олардың этностық шығу тегіне, әлеуметтік, діни немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан бейбітшілік идеясы аясында шоғырландыру – акция мақсаты қолданды.

 

Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Б.Ш.Максилова сержант Мақсат Асылхановтың жұбайы жас көпбалалы ана Ақеркеге адамның ойы пәктігінің, аналық пен адамзат өмірінің негізі белгісі ретінде ақ орамалды табыс етті.

ЭМБ жұмыстары бойынша бөлім басшысы А.А.Орымбаева

 

Мәтінді аударған – Н.Х.Смагулова