72583 ақпан күні Павлодарда дәстүрлі «K-POP STAR KZ 2019» фестивалі өтті. Фестивальдің мақсаты - жастарды Оңтүстік Кореяның заманауи мәдениетімен таныстыру. K-поп мәдениеті XX ғасырдың соңында Оңтүстік Кореяда пайда болды. Бұл Батыс электропоптың, хип-хоптың, би музыка мен қазіргі ритм мен блюздің элементтерін қамтитын музыкалық жанр. Іс-шара «Жастар жылы» аясында және Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Бұл фестиваль 3 жыл бойы өткізіліп келеді және оны өткізу дәстүрге айналды. Бұл жобаның негізін қалаушылар - Қазақстан кәрістерінің жастар қозғалысының павлодарлық филиалы және Павлодар облысының Қазақстан халқы ассамблеясы.
Аймақтық фестивальге «Radiance» кавер- тобы, «DOPE» би ансамбілі, «X-way» кавер- тобы, «SMG» кавер- тобы, «Хэдпит» вокалдық тобы, «K.Q.Run» кавер- тобы, «I.C.U» кавер- тобы, «Cadence» кавер- тобы, «Y.T.D.» кавер- тобы, Арман Уалиев, «Black Unicorns» би ансамбілі, «Flover Power» би тобы,  «Хедон» би дуэті.
Іс- шара барысында құттықтау сөздерімен Қазақстан кәрістері қауымдастығының Павлодар филиалы төрағасының орынбасары Р.С. Афанасьева және аймақтың жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің төрайымы Р.Смайлов шықты. Рамиль Смаилов корей этномәдени бірлестігінің жастарының барлық іс-шараларға белсенді қатысатынын және олар өздерінің шығармашылығымен ерекшеленетінін атап өтті.
Фестиваль соңында Павлодар облысындағы қазақстандық корейлердің жастар қозғалысының көшбасшысы М.Қартпаева барлық қатысушыларға алғыс хаттар табыс етті.

Фото

7258

Фото

7259

Фото

7260

Фото

7261

Фото

7262

Фото

7263

Фото

7264

Фото

7265

Фото

7266

Фото

7267

Фото

7268

Фото

7269

Фото

7270

Фото

7271