5440Павлодар облысы фин-угор этномәдени орталығы 2018 жылғы 15 ақпанда өзінің 3 жылдығын атап өтеді. Осы уақыт ішінде шығармашылық ұжымдарды құру орталықтың зор игілігіне айналды, ондағы ерекше орынды «Самрук» хореографиялық ансамблі алады. Неліктен «Самрук»? Біріншіден, халықта «Кемені қалай атасаң – ол солай жүзеді» деген сөз бар. Екіншіден, бүгінгі күні біздің орталықта 9 ұлт өкілдері бар, егер ансамбльді осылардың бір тілімен атаса, онда басқа біреуі сөзсіз ренжуі мүмкін. Сондай-ақ, біздің хореографиялық ансамбль фин-угор халқының барлық өкілдерінің билерін билегендіктен және біз барлығымыз көпұлтты үлкен отбасы Қазақстанның біріңғай шаңырағы астында өмір сүріп жатқандықтан, алтын қанатты құс – Самрұқтың бейнесі біздің жүрегімізге жылы келді.

Осы толық емес үш жыл ішінде Алып құс тек қана облыста шарықтады, тәжірибе жинады, ұлттық би стилистикасын үйренуге көп жұмыс істеді, «өз қанатын» безендірді (костюм тікті).

Ақыр соңында, 2017 жылғы 1-3 қараша аралығында Алматы қаласында «Ақ көгершін» балалар шығармашылығы XVI республикалық конкурсының қатысушылары болуға мүмкіншілік туып, біздің «Самрук» «халықтық би» номинациясында орташа және аға жас топтарында көрсетілді. Конкурсқа Астана, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Батыс-Қазақстан және Павлодар облысынан келген ұжымдар қатысты, олардың басым бөлігі дәл «халықтық би» номинациясымен танылды.

Конкурсты «Ақ көгершін» балалар қорының президенті Тамара Ескенова ашты. Ол барлық қатысушыларға қошемет білдіріп, жоғары білікті қазылар алқасымен таныстырып өтті. Оның құрамына:  Терехова Т.В. - Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Академиясының «Хореография педагогикасы» кафедрасының доценті; Алишева Алила Тұрсымбайқызы – Қазақстанның еңбегі сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Академиясының «Хореография педагогикасы» кафедрасының профессоры; Оразымбетов Дамир Дүйсенұлы – режиссер-балетмейстер, Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің магистрі кірді. Т.Ескенова өз сөзінде, 12 жыл ішінде көптеген дарындылар үшін конкурс старт алаңына айналғаны анық.

«Ақ көгершін» бізге де өзге өңірлерден келген шығармашылық ұжымдарды көруге, «би саласы» бойынша әріптестермен жақындасуға мүмкіншілік береді және бастысы, «Самрук» ансамблі үшін бастапқы алаңына айналып, ойдағыдай орындауының басы болды.

Сондықтан ортаңғы топ конкурстық бағдарламаға мордва және фин билері кіргізді. Фин биіне костюм тігу конкурсқа шығу күнінде аяқталды және ол оған тұрды. Бидің ғажайып қойылымы, оның орындау шеберлігі, таң қалдыратын костюмге «оралғандығы» зарыға күткен нәтиже берді – 1-ші орын.!!!

Аға топ венгер және хант биін көрсетті. Әр биді орындаудың күрделі техникасы, бұл эмоционалды құрамы және тағы да бейнелі костюмдер, нәтижесінде күтпеген, бірақ үміт еткен – Гран при!!!

Біз барлығымыз бастан өткізген эмоция мен сезімді бірнеше сөзбен айтып өту оңай емес. Біз айқайладық, жыладық, күлдік ... Сезім толқыны. Біз қуандық, шаттандық.

Өмірдің осындай кезеңі жанында пікірлесіңнің бар екенін сезінуге мүмкіндік береді. Олар сені емурінен түсіне қоятын, сондай-ақ өз ісіне жаны ашитын, оған бар күшін салатын адамдар. Бүгінгі жеңіс – бұл біздің хореографтың тынымсыз еңбегінің, дұрысырақ айтқанда, Алматыны жаулап алған өз ісінің шебері, Светлана Алексеев Зубкованың нәтижесі.

Алматы қаласына келген кезде Достық үйінің базасында «Суоми» карело – фин орталығының төрағасы А.Б.Смирновпен жұмыс кездесу өтті, оның шеңберінде бірнеше бірлескен іс-шаралар белгіленіп өтті.

Өз әңгімемді аяқтай келе бізге қолдау көрсеткен, бар жанымен біз үшін уайымдап, бізге сәттілік тілеген адамдар туралы айтып өткім келеді. Бұлар Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» КММ, №40 ЖОББМ әкімшілігі, Алматы қаласы «Суоми» карело-фин орталығы. Сіздерге көптен көп рахмет! «Просто Мария» ательесінің ұжымына ерекше алғысымызды білдіреміз. Олардың жоғары шеберлігі бізге жеңіске жетуге көмектесті. Және бүгінгі күні бүкіл билеуші Қазақстан оның баласы туралы білгендігі үшін зор үлес қосқан ата-аналарға шексіз алғысымызды білдіреміз.

Үйге қайтар жолда пойызда отырып алғашқы жеңіске жеткен, «Самрұқ» хореографиялық ансамблінің қатысушылары халықаралық байқаулардағы жаңа жеңістер туралы армандады.

Армандарыңыздың барлығы орындалсын!

 

«Павлодар облысы фин-угор этномәдени 

орталығы» ҚБ төрайымы Ольга Николашина

Фото

5441

Фото

5442

Фото

5443

Фото

5444

Фото

5445

Фото

5446

Фото

5447

Фото

5448

Фото

5449

Фото

5450

Фото

5451

Фото

5452

Фото

5440