| Печать |
Пляжный отдых
лучшие аудио книги

Максилова БМемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев баяндамасында азаматтардың әл-ауқаты мен әлеуметтік жағдайы түбегейлі өзгеретінін жеткізді. Тұрғындардың жылдар бойы қордаланған мәселелері қозғалды, соның ішінде - жастарға сапалы білім беру мәселесі.

Шындығында, соңғы жылдары білікті мамандар шет ел асып, өзге елдің дамуына үлестерін қосып жүр. Жоғары оқу орнын аяқтаған көптеген ұл-қыздар мамандығы бойынша жұмыс істемейді.

Мемлекет басшысы шетелдің беделді ЖОО филиалдарын ашуды тапсырды, демек жастарға берілетін білім сапасы да заман табалына сәйкес болуы керек. Қазіргі күні IT мамандарын дайындау, цифрландыру заманында жас ұрпақ қоғамда өз орындарын табуы керек.

«Ел болам десең - бесігіңді түзе»,- деп ғұлама М.Әуезов айтқандай, ұрпақ тәрбиесі әр отбасынан бастау алып, мектеп қабырғасында сапалы біліммен шыңдалған жастар ғана Еліміздің ертеңі бола алады.

Бақытжамал Максилова,

Павлодар облыстық «НҰР-АНА әлемі» қоғамдық бірлестігінің,
ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы

советы туристам
Деньги и инвестиции