Рамиль СмаиловБүгін маған Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен өткен Жастар жылының ресми ашылу салтанатының қатысушысы болу бағы бұйырды.
Салтанатты жиын барысында жастар алдына үлкен міндеттер қойылып, ұсыныстар айтылды. Ендігі Тәуелсіз Қазақстанда туған жастардың кезі келді. Осы уақытқа дейін алған білімімізді және дағдымызды ширатып, шыңдайтын күнге жеттік.
Мені әсерлендіргені – Елбасының бағдарламалары арқасында Қазақстанның лайықты жастары тәрбиеленіп, қалыптасқаны. Оларды бүгін сөз сөйлегенде көрдім. Жалындап тұрған жастар ауылшаруашылығымен, білім-ғылыммен, мәдениетпен, спортпен айналысып, жетістіктерге жеткен. Ұлт көшбасшысы осы уақытқа дейін жастарға барлық жағдайды жасады, енді өзімізді танытуға уақыт келді. Мен және менің замандастарым оған түбегейлі дайын.
Тағы бір маңызды тұсы – Елбасы айтқандай, әр аймақта кемінде бір халықаралық стандартқа сай үздік ЖОО болуы тиіс. Оған білімге ұмтылған жастар мұрындық болады деген семіндемін.
Ал Елбасының өзі құрған Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлтаралық сабақтастық пен адами-рухани құндылықты дәріптейтін болады.
Жастар жылы құтты болсын, өркендеу жолындағы еңбегіміз арта берсін!

Рамиль Смаилов,
«Жаңғыру жолы» РЖҚ Павлодар облыстық штаб төрағасы

Фото

Рамиль Смаилов