6790«Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің медиа қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастыруымен өткен журналистика саласындағы Республикалық «Шаңырақ» байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Салтанатты іс-шара Достық үйінің мәжіліс залыда өтті.

«Шаңырақ» байқауының құрылтайшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады. Конкурстың мақсаты – этносаралық қатынастар тақырыбындағы материалдарды жазып-көрсететін журналистерді ынталандыру арқылы отандық журналистиканың дамуына жәрдемдесу, мәдениаралық диалогты дамытатын бағдарламалар мен материалдарды дәріптеу болып табылады.Іс-шараға облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен тілшілері, теле және радиожүргізушілер, республикалық БАҚ-ның меншікті тілшілері мен журналистика ардагерлері қатысты. Бірнеше жыл аралығында байқаудың өңірлік және республикалық кезеңдерінің жеңімпаздары болып аймақтың көптеген журналистері атанды.

Іс-шараның модераторы болып Достық үйінің медиа қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, «Достық шаңырағында» облыстық газетінің бас редакторы М.Ж.Айтпаев атанды. Ол байқаудың мақсаты мен міндеттерін тілге тиек етті. Облыстық ҚХА төрағасның орынбасары С.Қ. Жетпісбаев облыстық Қазақстан халқы ассамбеясының атқарған жұмыстарына тоқталды. Сонымен қатар, ол БАҚ өкілдеріне Ассамблея іс-шараларына белсенділікпен қатысып жүргендері үшін алғысын білдірді.

Журналистика ардагерлері Мұхит Омаров пен Сергей Горбунов жиынға қатысқалы отырған журналистика майталмандарына игі тілектерін білдіре отыра, қазіргі таңда облыстық этномәдени бірлестіктерінде жарияланымдар мен телебағдарламалардың кейіпкері болуға лайықты көптеген адамдардың бар екенін айтып өтті. Іс-шара соңында сайыстың барлық лауреаттары алғыс хаттармен және бағылы сыйлықтармен марапатталды.

Фото

6791

Фото

6792

Фото

6793

Фото

6794

Фото

6795

Фото

6796

Фото

6797

Фото

6798

Фото

6799

Фото

6800

Фото

6790