90441-қазанда Даналық, Мейірім мен Құрмет күні шеңберінде ҚХА-ның волонтерлік орталығында «Телефондық еріктілік» атты ерекше науқаны өткізілді. Қарт адамдарға құрмет пен қамқорлық көрсету, олардың өмірімізде ерекше орын алатын рөлін атап өту аталмыш науқанның мақсатына арқау болды. Жылы телефондық әңгіме үстінде волонтерлер аға буынды мерекемен құттықтап, шынайы лебіздерін білдіріп, көмектерін ұсынды.

Толығырақ...

9062

Павлодар қаласының Достық үйі төрінде облыстық ҚХА-ның «Эльбрус» қарашай-шеркеш және қабарды-балқар ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ, қазақ поэзиясының сұңғыла тұлғасы, ұлы ақыны – Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған әдеби-танымдық эстафетасын өткізді.

Толығырақ...

9031

Бүгін достық үйінде «Татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталығы» ҚБ-нің бастамасымен бүкіләлемдік науқан шеңберінде бір мезетте «Татарча диктан яз» атты жат жазу ұйымдастырылды. Туған тілдегі білімдерін нығайтуға бағытталған жыл сайынғы дәстүрлі шарада, татар тілінде емлелік тұрғыдан білімдерін сынауға 15 адам  қатысты. Жат жазуда Ұлы Отан соғысы жылдары суреттелген  «Өзелген кыллар» әңгімесінің үзіндісі оқылды. Қатысушылар жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін бар ықыласын салды. Ендігі сәтте тек жұмыстарының бағалануын күтуде.

Толығырақ...

9025

Баянауыл – Ертіс маңының тарих пен әпсаналардың, қасиетті жерлер мен мәдени мұралардың шоғыры тұнған мекен. Көркем табиғат көріністерімен танылған, халқына талай мәдениет пен әдебиет саңлақтарын сыйлаған шұрайлы өлке. ҚХА-ның мүшелері қыркүйектің 21 жұлдызында «Елтану» туристік-өлкетану экспедициясы шеңберінде киелі Баянауыл жеріндегі тарихи-мәдени ескерткіштерімен және көне заманның нысандарымен танысуға жол тартты.

Толығырақ...

9017

14 қыркүйек күні Достық үйінде «Бір шаңырақ астында» жазғы фестивалінің «Этномикс-2020» жабылу салтанаты өтті. Биылғы жылы пандемиялық жағдайға байланысты облыстық Ассамблея дәстүрлі жазғы этнофестивальді көрсетудің онлайн үлгісіне көшті. Жаз маусымы бойы облыстық этномәдени бірлестіктер көрермендерді ән, би өнерімен тамсандырып, мәдениетін көрсетіп, ұлттық тағамдардың шеберлік сабақтарын өткізді.

Толығырақ...