9252

Отырыс барысында Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Идият Әбдіқалықов алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың жоспарымен бөлісті. Сондай-ақ, ол Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерінің құрамы қайта қаралғанын, бұрын кеңес құрамында 28 адам мүше болса, қазір олардың 17-і ғана қалғанын атап өтті. Төрағаның айтуынша бұл қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын мобильді етуге ықпалын тигізеді.

Толығырақ...

9247

Наурыз мейрамына орай қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлайтын әсем безендірілген трамвай Павлодар қаласында жолға шықты. Өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясы өз бастамасын Наурыз мерекесіне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнады.

Толығырақ...

9241

Өңірлік ҚХА-ның «Ситораи Сомон» тәжік этномәдени бірлестігінің мүшелері менталдық ауытқушылықтары бар азаматтарға көмек көрсететін «Альрами» клубтық орталығының тәрбиеленушілеріне бір қазан палау әзірледі. Тәжік ЭМБ-ің мүшесі Довлатов Сухробтың айтуынша, дәмді палау оны сүйіспеншілікпен дайындаған кезде алынады.

Толығырақ...

каз открытка

Сіздерді  халқымыздың Ұлы күнге балаған, Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі құттықтаймыз!

 

Наурыз келгенде  жер-дүние жаңарып, табиғат түлеп, тіршілік атаулы жаңа өмірге талпынып, күннің шуағы да молаяды. Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, бар тұрмыс-тіршілікті табиғат-анамен байланыстырған әз Наурыз ырыс пен берекенің бастауы болсын!

Толығырақ...

9231

Өңірлік ассамблеяның «НҰР АНА әлемі» қоғамдық бірлестігі ақ жаулықты аналары мен келіндер тобы, өнерлі балалары бүгін Павлодар қаласының көрнекті жерлерінде орналасқан Абай ескерткіші, С. Торайғыров, Қ.Сәтпаев ескерткіші және Мәңгілік алауға барып құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын қойды.

Толығырақ...