5052Өткен демалыста жылсайнғы «Бір отбасында тұрамыз» атты жазғы фестивалі аясында Павлодар қаласының орталық саябағында грек мәдениетінің күні өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары болып облыстық «Эльпида» грек этномәдени бірлестігі атанды. Мерекелік бағдарламаға облыстық ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестік басшылары, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары атсалысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, халық шаруашылығын тану арқылы адамдар бір-біріне жақындай түседі, тамырларын жайған дархан даланы сүйүге, тарихын ұмытпауға, өнерді түсінуге үйренеді. 

Толығырақ...

4983Өткен демалыс күндері Паворлар облысы, Ақтоғай ауданында облыстық «Славяне» этномәдени бірлестігінің 15 жыл және болгар халқының қазақ жеріне қоныс аударғанына 110 жыл толуына арналған мерекелік шара өткізілді. Осы шараға Қазақстан Республикасындағы Болгария Республикасы Елшілігінің Консулы Митко Христов және елшіліктің мәдениет жөніндегі кеңесшісі Бочварова Галина, Ақтоғай ауданының әкімі Ағыбай Қойшыбайұлы Әмірин, облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Жетпісбаев Сейсембай Қалижанұлы, сондай-ақ Ақтобе мен Талдықорған қалаларынан келген қонақтар мен облыс жұртшылығы атсалысты.

Толығырақ...

5002Бүгін Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің қазақ мәдени орталығының тәрбиеленушілері салт-дәстүр жайында көп мағлұматтар алды. Бөлімше тәрбиеленушілері қатысушыларға туған жер, Отан туралы тақпақтар айтып, «Жастар биі» күйін орындады. Көрініс арқылы «Сүйінші, шілдехана, бесікке салу, аластау, тоқым қағу, тұсау кесу, араша, есім қою т.б салт – дәстүр, ырым тыйымдары көрсетіліп, соңы ұлттық ойындар: Омпы, ханталапай, аударыспақ, көтермек, орамал тастау, оқтау тартыс, жамбы ату, хан алу т.б ойындармен жалғасып белсенді қатысушылар,  яғни жеңімпаздар сый – сыйапатқа ие болды. Әрі қарай 5 тілде домбыраның сүйемелдеуімен  Калинниковтың «Құрбы қыздар», Волфган Амадей Моцарттың «Аллегретто» шығармалары орындалды. Сонымен қатар тәрбиеленушілер бесік жырын және тұсау кесу жырын айтып үйренді.

Толығырақ...

4969Өткен демалыс күндері орталық мәдениет және демалыс саябағында «Бір шаңырак астында» атты жазғы фестивалі аясында, славян мәдениеті күні өтті. «Славян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұжымы осы күні павлодарлықтарға үлен бағдарлама, оның ішінде: ұлттық киімдер мен көркем өнер кәсібінің көрмесін, салт-дәстүрлерді сипаттайтын қойылымдарды ұсыным, көрермендерге ұлттық тағамдардан тәм татырды.

Толығырақ...

4843Бүгін облыс орталығындағы «Достық үйінде» Павлодар облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ХХІІІ сессиясы өтті.

«Жаңғырудың негізі – тұрақылық, бірлік, келісім» атты шараға аймақ басшысы Болат Бақауов, этно-мәдени бірлестіктер мен зиялы қауым өкілдері және студент жастар қатысты.Аймақ басшысы Болат Бақауов өңірдегі этномәдени бірлестіктер жұмысын жүргізіп, сан түрлі ұлттың мәдениеті мен тілін, діні мен ділін жаңғырту үшін ауқымды шаралар атқарылып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, жуырда ғана жарық көрген Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған «Туған жер», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобалары  аясында атқарылатын жұмыстар жайы сөз болды. 

Толығырақ...