- Толығырақ
-
Жарияланды 10 Қыркүйек 2017
10 қыркүйек күні қаламыздың орталық саябағында «Бір отбасында тұрамыз» жылсайынғы жазғы фестивалінің жабылуына арналған мерекелік іс-шарасы өтті. Бұл күні облысымзды мекен еткен көптеген этнос өкілдері, облыстық этномәдени бірлестіктердің қатысушылары бір отбасындай жұмылып, жиналған қауым назарына көптеген әсем әндер мен мың бұралған билерін паш етіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Толығырақ...- Толығырақ
-
Жарияланды 07 Қыркүйек 2017
Достық үйінің мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараға кеңес мүшелерінен басқа облыстық дін істері, білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының өкілдері қатысты. Отырыстың модераторы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әдбіхалықов Идият Бекболатұлы болды.
Толығырақ...- Толығырақ
-
Жарияланды 04 Қыркүйек 2017
Жаз бойы, әр демалыс күндері, қаланың орталық саябағында облыстық этномәдени бірлестіктер қала тұрғындары мен қонақтарын өз халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерімен таныстырып, концерттік бағдарламаларын ұсынып, жақсы көңіл-күй сыйлауда. Барлық іс-шаларар «Бір шаңырақ астында» жылсайынғы жазғы фестивалінің аясында өтуде. Өткен демалыс күндері дүбірлі бағдарлама өзбек, ұйғыр және қырғыз этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өтті. Аталған этномәдени бірлестіктер өздерінің қызық та әсерлі мерекелік бағдарламасын паш етті. Іс-шараға қала тұрғындары, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысты.
Толығырақ...- Толығырақ
-
Жарияланды 03 Қыркүйек 2017
Өткен демалыс күндері қалалық және мәдениет саябағында «Айреник» этномәдени бірлестігінің мәдениіті күні өтті. Мереке ұлы даламыздың үні -домбыраның күмбірлеген күйімен ашылды.
Толығырақ...- Толығырақ
-
Жарияланды 30 Тамыз 2017
Ел ішінде адал еңбек, маңдай терінің арқасында биік белестерді бағындырып, көпке үлгі болған азаматтар аз емес. Соның бірі, саналы ғұмырын өңірдің гүлденуіне арнаған, Павлодар қаласының Құрметті азаматы, «Ватан» әзербайжандар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы - Джафар Махмудов.
Өмірінің 55 жыл уақытын еңбекке арнаған Джафар Джафарұлы биыл 80 жасқа толып отыр. Еселі еңбек иесінің мерейтойы ескерусіз қалған жоқ. Салтанатты жиында еңбек ардагерінің қуанышына ортақтасып елдің елеулі азаматтары, ардагерлер қауымы, Облыстық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенді мүшелері, «Нұр Отан» партиясы мен мемлекеттік органдардың өкілдері, қызметтес болған әріптестері мен туыстары арнайы қатысты.
Толығырақ...