647

Бүгін Успен ауданында үлкен мереке. «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы»  мега-жобасы аясында Железин ауданы Успен ауданына «достық эстафетасын» тапсыруда.

300-ге таяу аудан тұрғыны, этномәдени бірлестіктердің арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалауға жиналды.

Шараға Успен ауданының әкімі Бәкір Саматұлы Демеуов, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Сейсембай Қалижанұлы Жетпісбаев, Железин ауданы әкімінің орынбасары Гүлбарам Ермекқызы Биляева және аудандық этномәдени бірлестіктердің белсенділері атсалысты.

Сахнада салтанатты түрде Успен ауданына «достық марафонының» нышаны – ақ тілектер жазылған альбом тапсырылды.

Өз өнерлерін: «Наз қоңыр» фольклорлық ансамбілі, «Ақ Баян» халықтық ансамбілі, Октябрь ауылдық округінен «Фантазия» би ансамбілі, «Прялица» халықтық фолклорлық ұжымы, «Әдемі» би студиясы көрсетті. Калиновский ауылдық округінен келген ұжым көрермендерге украин әндерін сыйлады. Сондай ақ, мереке барысында татар, ингуш, мордва т.б. тілдерде әндер шырқалды.

«Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы»  мега-жобасысының басты мақсаты ұлтаралық және дінаралық татулықты насихаттау және нығайту. Қоғам дамуында Ассамблеяның жаңа рөлін көрсету болып табылады.

Бұл жоба маусым айында Екібастұз қаласында өз бастауын алған болатын. «Достық алауын» барлық аудандар қолдап, биік ұстай білді. Бүгін алау Успен ауданына тапсырылды. Сөйтіп, бұл жоба аясында облысымыздың барлық аудандары мен қалаларында осндай жұмыстар атқарылатын болады. Жоба 2015 жылдың қаңтарында Ақсу қалсында Павлодарлық өнерпаздардың үлкен концертімен аяқталады.

Айтпаев Максат

Фото

648

Фото

649

Фото

650

Фото

651

Фото

652

Фото

653

Фото

654

Фото

655

Фото

656

Фото

657

Фото

659

Фото

660

Фото

661

Фото

662

Фото

663

Фото

664

Фото

647