610

 

Қазанның 25 жұлдызында Достық үйінің акт залында «Мен Отанымды сүйемін…» атты М.Ю. Лермонтовтың 200 - жылдығына арналған поэзия кешіне өтті. Славян этномәдени орталығы Павлодар  мемлекеттік педагогикалық институтының  Орыс тілі мен мәдениеті  орталығымен бірігіп, аталмыш поэзия кешіне көрермендерді  шақырған болатын. Шараға облысымыздың өнер майталмандары, ЖОО студенттері мен мұғалімдер, мектеп оқытушылары мен оқушылары, облыстық этномәдени бірлестіктерінің белсенділері қатысты.

 

Мереке барыснда ақын шығармалары тек орыс тілінде ғана емес, қазақ, поляк, әзірбайжан тілдерінде оқылды. Қапиатова Меруерт, Павлодар қаласының №4  мектеп оқушысы, Алиев Әлсаит, №23 мектеп оқушысы, Пан Радослав Будзыньский,  ұлттық жаңғыру мектебінің поляк тілінің мұғалімі, Екібастұз қаласының №26 мектеп-гимназиясының оқушысы, "Живая классика"  халықаралық байқауының жүлдегері - Түсүпбаев  Дәурен сынды жас дарындар жазушы шығармаларын көрермендер үшін оқыды. Ал Железин мектебінің оқушылары «Тамбовская казначейша» қойылымынан  үзінді көрсетіп, отырған қауымды  дән риза қылды.

 

Кешке арнайы шақырылған қонақ, Павлодар қаласының атақты әдебиеттанушысы, филология ғылымының докторы, профессор – Наум Григорьевич  Шафер Лермонтов жайлы естеліктерімен көрермендерге көп ақпарат беріп, қызығушылықтарын арттырды.

 

                                                                         Мақсат Айтпаев

 

Фото

 

611

 

Фото

 

612

 

Фото

 

613

 

Фото

 

614

 

Фото

 

615

 

Фото

 

617

 

Фото

 

618

 

Фото

 

619

 

Фото

 

620

 

Фото

 

621

 

Фото

 

622

 

Фото

 

623

 

Фото

 

610