589Облыстық Достық үйінде кәріс этномәдени бірлестігі ақсақалдармен кездесу ұйымдастырды. Шараға «Даналар күні» деген атау қойылды. Тегін емес, себебі, жас қосылған сайын адамның даналығы әрі парасаттылығы өсетіні айқын.

 

«Ардақты ардагерлер, сіздер – біздің алтын қорымыз, біздің тірегімізсіздер.  Әрқашан сіздерді мақтан тұтамыз. Сіздерді Даналар күнімен құттықтаймын! Ең бастысы, бейбітшілік, мейірімділік, келісім тілеймін», - деді кәріс ЭМБ төрағасының орынбасары Раиса Афанасьева.

 

Мерекелік концерт бір сағатқа жуық созылды. Ардагерлер «Ариран» атты ән-хоры ұжымының орындауында кәріс әндерін тыңдап, «Аньён» би тобының өнерін тамашалады. Айтатын жайт, олар өздері де концертке қатысып, «Егде адамдар әнұранын» орындады.   

 

Мақсат Айтпаев

 

Фото

 

590

 

Фото

 

592

 

Фото

 

591

 

Фото

 

593

 

Фото

 

594

 

Фото

 

595

 

Фото

 

596

 

Фото

 

597

 

Фото

 

598

 

Фото

 

589