264 «Ситораи Сомон» тәжік этномәдени бірлестігі Павлодарда алғаш рет ұлттық «Қауын мерекесін» тойлады.

 

Ол қалалық мәдени-демалыс саябағында қыркүйектің бірінші жексенбісінде өтті. Бұл шарада қаламыздың тұрғындары тек көрермен ретінде ғана емес, қатысушылары ретінде де атсалысты.

 

Мейрам дәстүрлі ұлттық музыкалық аспап – «карнайдың» әуенімен басталды. Көне заманда оның дауысымен соғды дихандары адамдарды тәтті жемістің дәмін татуға шықырған. Ең дәмді қауындар, негізінде, қыркүйектің басында піседі, сол себепті осы күндер Тәжікстанда дулы мейрамға айналады. Бұл уақытта барлық адамдар жәрмеңкеге ұмтылып, дихандардың қолынан төмен бағамен өнімдерін сатып алған. Дәстүр бойынша, әрбір адам ұнатқан жемістің бір тілімін кесіп, дәмін татады. Дегенмен, аса үлкен даналарды ешкімге жегізбген және сатылмаған, себебі олар байқауға қатысады. Байқау нәтижелері бойыша жәрмеңкенің ең дәмді әрі хош иісті қауыны таңдалғын.

 

Осы мейрам оның отаны – Тәжікстанда «Қауынның туған күні» деп те аталып, улкен мерекеге ұласып отырған. Осындай тойлар көңілді-сықақ сайыстарсыз өтпейді. Олар «Ситораи Сомон» концертінде де орын алды. Мәселен, ер азаматтар алақанында салмағы 8 килограмдай қарбызды көтеріп, күшін сынасты. Балалар ересектерімен қатар дартс ойынын ойнап, дротикті нысана салынған қарбызға атты. Айта кететін жайт, бұл сайыста балалар ересектерге қарағанда едәуір жақсы нәтиже көрсетті.

 

«Қауынды тез жеу» сайысы көңілді додалардың шарықтау шегіне айналды. Ереже бойынша, қатысушылар ең аз уақыттың ішінде көбірек қауын тілімдерін жеу керек. Бұл сайыстың әрбір жеңімпазына дәмді жүлделер – қарбыз бен қауындар табысталды.

 

«Мында мен Тәжікістанда «Қауын мерекесі» кезінде болатын шаттық, сауық-сайран атмосферасына тап болдым. Ойындар, қонақтардың күлкісі және қауынның хош иісі туған елімді еске салады. Басқа мемлекетте тұрып, өзіміздің ұлттық мерекемізді бірігіп тойлау – біздер үшін зор құрметтің белгісі», - деді мереке мейманы Аминджон Назимов.

 

Мейрамның соңында барлық көрермендер дастарханға шақырылды. Осында олар қауынның түр-түрінен әрі саябақта пісірілген палаудан дәм татты.

 

Мақсат Айтпаев

 

Фото

 

265

 

Фото

 

266

 

Фото

 

267

 

Фото

 

268

 

Фото

 

269

 

Фото

 

270

 

Фото

 

271

 

Фото

 

272

 

Фото

 

264

 

Фото

 

2732

 

Фото

 

273

 

Фото

 

274

 

Фото

 

275

 

Фото

 

276

 

Фото

 

277

 

Фото

 

278

 

Фото

 

279

 

Фото

 

280

 

Фото

 

281

 

Фото

 

282

 

Фото

 

283

 

Фото

 

284

 

Фото

 

285

 

Фото

 

286

 

Фото

 

287