- Толығырақ
-
Жарияланды 25 Тамыз 2014
Жақында «Бір отбасында тұрамыз» атты кезекті жазғы фестивалінде «Т.Г. Шевченко атындағы украин мәдениетінің Павлодар серіктестігі» облыстық қоғамдық бірлестігінің өкілдері мерейтойын өткізіп, жиналған қауымды сергітті.
Серіктестіктің өкілдері ән айтып, би билеумен қатар, әзілысқақты өлеңдерін орындаған болатын. Халық арасында беделді хор тобы украин халқының мәдениетін, үнін сипаттайтын бірнеше ән айтты.
Ісшара басында бірлестіктің төрағасы Парипса Михаил Сергеевич сөз сөйледі: «Біз бейбітшілік, келісім, тұрақтылығы бар елде тұрып жатқанымызға ризамыз. Бүгін Украина ауыр күндерді бастан кешуде, бірақ біз жағдайдың оңтайланатынына сенеміз. Күннің ыстығына қарамастан біздің мерейтойға келгендеріңіз үшін алғысымды айтқым келеді». Михаил Сергеевичтің сөзінен кейін Украина елінде болып жатқан оқиғаларға байланысты және ғайып болған адамдаға тағзым ретінде үнсіздік жарияланды.
Құрмет грамотасы мен алғыс хаттарды табыс ету үшін облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Еділбай Қабжан Шорманұлы мен Әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Махмудов Джафар Джафарұлы келген болатын.
Әсем ән мен тәтті күйге ұласқан мерейтой мен украин асханасының дәмді тоқаштары келген қауымды бірден баурап алды.
Концерттік бағдарламада қарияларымыздың құрметіне олардың жастық шақтарын еске түсіретін әндер шырқалды. Әсіресе «Украинам менің Украинам» әні қарияларға ерекше әсер етті.
Мақсат Айтпаев
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото