140 Өткен демалыста Павлодар облысының “Чуваш қоғамдық-мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігі және “Павлодар облыстық “Айреник” қоғамдық бірлестігі облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Хатшылығы және облыстық Достық үйімен бірлесе отырып павлодарлықтарға және қала қонақтарына төл мәдениеті мен дәстүрі жайлы сыр шертетін концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Мерей-тойды бірінші болып бастаған Чуваш этномәдени бірлестігінің ұжымдары би билеп, ән шырқап өнерлерін көрсетті.

Бірлестіктің қатысушылары мен ұйымдастырушылары аса құрметті қонақтар мен мерейтойды тамашалауға келген көрермендерге ұлттық тағамдарын ұсынды.

Чуваш этномәдени бірлестігінің өкілдері өлең оқып, ән айтып, ұлттық би билеп, бүгінгі күнге дейін мәнін жоғалтпаған салт-дәстүрлерімен таныстырып, көңілдерін көтерді.

Ерекше өнер көрсеткен «Сеспель» фольклорлық ансамблін атап өтуге болады. Олар әр түрлі жанрдағы әндерді орындап, жиналған қауымды сергітіп жіберді.

Келесі болып сахна төрінде армян этномәдени бірлестігі өнерін паш етті. «Айреник», бұл жолы да, өзін жоғары деңгейде көрсете алды. Жұртшылықты  мәдениетінің ерекшелегін сипаттайтын өлеңдерімен, әуендерімен, ұлттық киім үлгілерімен және салт-дәстүрлерімен таныстырды.

Келген қонақтардың арасында сұрақ-жауап ойыны өткізіліп, үлкенге де кішіге де сый-сияпат берілді.

Мақсат Айтпаев


Павлодар облысының “Чуваш қоғамдық-мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған іс-шарадан фоторепортаж

Фото

140

Фото

141

Фото

142

Фото

143

Фото

144

Фото

145

Фото

146

Фото

147

Фото

148

Фото

149

Фото

150

Фото

151 


“Павлодар облыстық “Айреник” қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған іс-шарадан фоторепортаж

Фото

152

Фото

153

Фото

154

Фото

155

Фото

156

Фото

157

Фото

158

Фото

159

Фото

160

Фото

161

Фото

162

Фото

163