121«Ситраи Сомон» тәжік этномәдени бірлестігі «Бір отбасында тұрамыз» атты жазғы фестиваліне белсене атсалысты. Тәжік мәдениетінің күні қалалық мәдени-демалыс саябақ сахнасында 2-ші тамыз күні өтті. Осы мәдени мейрамға қонақ ретінде облыстық этномәдени бірлестіктерінің басшылары және қала тұрғындары келіп, концертті тамашалады.

Қазастан Республикасының Статистика агенттігі мәліметтері бойынша, 2014 жылдың басында елімізде 42 мыңнан астам этникалық тәжік тіркелген. Олардың басым бөлігі республикамыздың оңтүстігінде өмір сүреді. Оңтүстік-Қазақстан облысында тәжік әрі аралас мектептер жұмыс істейді. Ал еліміздің аумағында орналасқан қосымша білім беру жексенбілік мектептері тілек білдірушілерге тәжік халқының тілін және мәдениетін үйретеді. Қазіргі таңда Павлодар облысында 500 – ге тарта тәжік тұрады. Санның аздығына қарамастан, өткен жылы облысымыздың тәжік зиялылары ұлттық мәдени бірлестік құру жайында сөз қозғаған болатын. Үлкен талқылаудан кейін Тәуелсіздік Күніне орай «Ситраи Сомон» тәжік этномәдени бірлестігінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қазір бірлестік мүшелері облысымыздың қоғамдық өміріне белсене араласып, өңір тұрғындарын төл мәдениетімен таныстыру жымытарымен айналысып келеді.

«Демалыс күндерді асыға күтемін, себебі бұл күндері облысымыздың этномәдени бірлестіктері үлкен мәдени іс-шараларын ұйымдастырады. Осы күнге дейін тәжіктер жайлы білгенім тым аз болғанына көзім жетті.  Бүгін олардың салт-дәстүрлерімен таныстым. Қазақстанда әр этнос өз мәдениеті мен дәстүрін дамытуға, өзінің ана тілін үйреніп, ашық сөйлесе алатындығына қуанамын. Бұл – халқымыздың өзара түсіністігі мен бірлігінің белгісі», - деді Павлодар тұрғыны Наталья Бойко.

Бұл концертте тәжік ұлттық әндерімен қатар украин өлеңдері де айтылды. Ал шараға белсене араласқан шешен-ингуш және өзбек этномәдени бірлестіктері көрермендерге өздерінің ең жақсы билерін көрсетті. Осылайша, өңірімізде алғаш ұйымдастырылып отырған «Тәжік мәдениетінің күні» барша жиналған өнерсүйер қауымның көңілінен шықты.

Мақсат Айтпаев

Фото

121

Фото

122

Фото

123

Фото

124

Фото

125

Фото

126

Фото

127

Фото

128

Фото

129

Фото

130

Фото

131

Фото

132

Фото

133

Фото

134

Фото

135

Фото

136

Фото

137

Фото

138

Фото

139