110Облыстық Достық үйінде «Мемлекеттік органдардың этномәдени бірлестіктерімен өзара көмектесе әрекеттесуі» атты тренинг-семинар өтті. Оған облыс аудандары мен қалаларының ішкі саясат бөлімшелерінің 20 жуық басшысы қатысты.

Жиын барысында этномәдени бірлестіктер бөлімшелерінің жұмысын жақсарту арқылы өңірдің қоғамдық тұрақтылығын нығайту мәселелері көптеп талқыланды. Этномәдени бірлестіктердің төрағалары тренинг қатысушыларымен өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Мәселен, «Т. Шевченко ат. украин мәдениеті серіктестігінің» төрағасы Михаил Парипса бірлестік және оның бөлімшелерінің жұмысы жөнінде баяндама жасады. Сонымен қатар, ол этномәдени бірлестіктер әкімшілікпен табысты жұмыс жүргізу жайлы сөз етті.  Оның айтуынша, бірлестіктің қоғамдағы рөлі билік басындағылардың бірлестік мәселелеріне бөлетін назарына, әрі төрағаларының белсенділігіне тікелей тәуелді.

Семинар соңында басқарма мамандары көкейіндегі сұрақтарын қойып, жауап алды.

Мақсат Айтпаев

Фото

110

Фото

111

Фото

112

Фото

113

Фото

114

Фото

115

Фото

116

Фото

117

Фото

118

Фото

119

Фото

120