1012013 жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында пайда болған «Дустлик хайот» атты өзбек этномәдени бірлестігі өзінің тұңғыш концертін Астана күніне орайластырды. 

«Бір отбсында тұрамыз» атты жазғы фестивалі аясында қалалық мәдени-демалыс саябағында бірлестіктің шығармашылық ұжымы өзінің мазмұнды бағдарламасын ұсынды. Шара қонақтары қызықты билер мен әдемі әндерді тамашалап, кейбір өзбек салт-дәстүрлерімен танысты.

Қонақжайлық – Өзбекстан халқының басты ерекшелігінің бірі. Қонақ күту өзбектерде дастарханның молшылығынан, отбасының ауқаттылығынан гөрі жоғары бағаланады. Қонақты қабылдамау – жанұя, ру, ауылды ұятқа қалдыруымен тең. Қадірлі қонақтарды үй иесінің өзі есіктің алдында қарсы алады. Еркектер қолмен амандасып, бір-бірінен отбасылық жағдай, денсаулық, жұмыс жайын сұрастырады. Әйелдермен бас иіп, он қолды кеудеге қысып, сәлемдеседі. Осыдан кейін меймандар үйге кіріп, төрге отырады. Көне салт бойынша, әйелдер және ер адамдар бір үстел басында отырмайды; бұл дәстүр ауылдық жерлерде әлі күнге дейін сақталуда. Тамақтанудың алдында ақсақалдардың біреуі дұға оқиды. Басында үстелге тәттілер, жеңіл тағамдар қойылады, содан соң – бас тағам, көп жағдайда – палау беріледі. Қонақтарға шайды үй иесінің өзі немесе жұбайы құйып отырады. Қонақжайлықтың дәстүрлі белгісі – құйылатын шайдың аз мөлшері. Неғұрлым қонақ сыйлы болса, соғұрлым оның кесесінде аз сусын болады. Себебі, қонақтың көбірек шайды сұрағаны – үйге көрсетілетін құрмет белгісі. Дастархан басында көбінесе соңғы жаңалықтар талқыланады, қызықты оқиғалар баяндалады. Тамақтанған соң барлығы қол жайып, дұға оқиды. Содан кейін үй қожайыны келгендерді өзінің шаруашылығымен таныстырады. Қоштасқанда үй иесі қонақтарды дарбаза сыртына шығарып, олар кеткенінше қарап тұрады. Көрермендер осындай әдемі салт-дәстүрлермен шағын қойылым арқылы танысты.

Сонымен қатар, өзбек этномәдени бірлестігінің концертіне келген қала тұрғындары хош иісті палау әрі әйгілі тандыр таба наны дәмін татты. Самарқанд таба наны – өзбек асының басты нышанының бірі. Дұрыс пісірілген осындай нанды үш жыл сақтауға болады. Ал дастарханға қояр алдында үстіне су себіп, тандырда жылыту керек.

Кабдулина Гүлшақар, қала тұрғыны:

- Бүгін біздің көршілеріміз – өзбектер жайлы көп қызықты мәлімет білдім. Қонақтарды қабылдау рәсімі мен үшін аса әсерлі болды. Ата-бабаларымыздың мәдени  өзгешеліктері болса да, негізінде, туысқандар секілді бір-бірімізге ұқсаймыз.

 

Айтпаев Максат

Фото

101

Фото

102

Фото

103

Фото

104

Фото

105

Фото

106

Фото

107

Фото

108

Фото

109