Республика күні аясында Павлодар ауданы Луганск ауылдық аймағында "Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт" жобасы шеңберінде "Ауыл әйелдері күні" өтті.
Мерекелік шараға Аналар кеңесінің төрайымы Б.Ш. Максилова, өңірлік ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Қ.І. Дощанова бастаған делегация қатысты. Аналар кеңесі кабинетінің тұсаукесу рәсімін облыстық Аналар кеңесінің төраймы Бақытжамал Шаханқызы мен Павлодар ауданының құрметті азаматы Роза Шамкенқызы жүргізді.
"Ақ ормал" акциясы мен "Аналар кеңесінің рөлі" дөңгелек үстел барысында ауданның қоғамдық өмірінде белсенділік танытып, аянбай еңбек етіп, кейінгі ұрпаққа үлгі болып жүрген аналарды "Дара жол" төс белгісімен марапаттап, сыйға дәстүрлі ақ орамал тартылды. "Бақытты ана - бақытты отбасы" демекші, Аналар кеңесінің отырысына аудан әкімі Иманслям Ержан Иманслямұлы қатысып, ауылдық аймақ аналарының жұмысымен кеңінен танысып, марапаттап сый-құрмет көрсетті.