2222Бүгін арқа төсіндегі сәулетті келбеті көз сүйсіндірген ел ордасының туған күніне арналған «Жасай бер, сүйікті Астанам!» атты мерекелік концерт өтті.  Салтанатты шарада  облыстық ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қала қонақтары мен тұрғындарын Астана күнімен құттықтады. 

Әр түрлі этностар өкілдері қазақ тілінде  танымал музыкалық туындыларды шырқады. Этникалық стильдегі түрлі киімдер көздің жауын алып, еліміздің мәдениетінің бірегейлігі мен көп қырлылығын тағы бір рет айқындады.  Әсем ән, әуезді жырмен өрімделген мерекелік кештегі жарқын қойылымдар көрерменге ұмытылмас әсер етті.