22.02Қазақстан Республикасының Алғыс айту күнін мерекелеу аясында 21-26 ақпан аралығында "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Павлодар қаласы мектептерінің оқушыларына "Алғыс күнінің тарихы мен философиясы" апталығын өткізеді. Басты идея жас ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру,мерекенің құрылу тарихымен таныстыру арқылы түрлі ұлт өкілдеріне құрмет көрсету үшін жағдай жасау болып табылады. Аталмыш шараның ұйымдастырушылары "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесі және "Ассамблея жастары" аймақтық қоғамдық бірлестігң облыстық штабы болап табылады.

 

21 ақпан күні Павлодар қаласының № 34 және № 6 мектептерінен, 22 ақпан күні Павлодар қаласының № 24 және № 17 мектептерінен 60 оқушы қатысты.

 

Қатысушылар үшін сабақ спикерлері:облысымыздың Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының төрайымы, тарих ғылымдарының кандидаты, ПМПУ доценті – Аманова Асель Сериковна, Павлодар облыстық "Мерказ" еврей этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары – Тверитнева Ирина Анатольевна, "Халкьан Барт" шешен-ингуш эко-мәдени бірлестігі қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары – Джабраилов Шамиль Шахидович, "Ассамблея жастары" аймақтық қоғамдық бірлестік облыстық штабының жетекшісі – Смаилов Рамиль Русланович. Осы жоба аясында спикерлер құрамыныңқатары және күнделікті келетін оқушылардың мектебі өзгеріп отырады. Этномәдени бірлестіктердің төрағалары спикерлер ретінде сөз сөйлеп, біздің елімізге өз ұлтының алғаш аяқ басқаны жайлы мағлұмат береді.

 

Одан әрі балаларды этномәдени бірлестіктердің қызметі туралы таныстыру экскурсиялары күтіп тұрды. "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесі шығармашылық ұжымдарының педагогтарының ән айту, би үйрену, домбырада ойнау, сондай-ақ дәстүрлі әнді домбырамен мәнерлеп айту бойынша мастер класстар өткізеді.

Хореограф Шәрәпи Өтеген «Қара жорға» биінің шығу тарихымен таныстырып, бидің ағзамызға пайдасы жайлы мағлұмат беріп,оқушыларды шеңберге тұрғызып, би қымылдарын ортада тұрып көрсету арқылы қара жорға биінің негізгі қымилдарын үйретті.