17.04Бүгін «Қоғамдық келісім» КММ-де облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Беларусь» этно-мәдени бірлестігі «Гуканне вясны», яғни  мерекесін өткізді. «Гуканне вясны» деген белорус халқының мерекесі. Наурыз секілді жаңару, табиғаттың жаңғыруы. Гуканне яғни, құстар гу-гулеп келіп, көктемді өз қанаттарымен әкеледі деген сенім бар. Мереке 14 наурыздан басталып, көктем айлары бойы тойланады. Беларустардың нанымы бойынша, көктем Лада сұлулық жебеушісі бейнесінде келеді. Лада келсе, күн жылы болады, күзде егін мол, адамның өмірі де жайнап гүлденеді. Шараға келгендерге құстар бейнесіндегі тоқаштар таратылды. Мерекеде беларусь этномәдени бірлестігінің «Надзея», «Крыніцы» вокалдық ансамбльдері, «Пралескі», «Жаўраначак», би ансамбльдері, Қ.Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің оқушыларының орындауында әндер шырқалып, би биленді