29.04Бүгін «Қоғамдық келісім» КММ-нің шығармашылық хореографиялық ансамбльдері Павлодар облысының жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы үшін қайырымдылық концертін берді. Шара Қазақстан халқының бірлігі күніне орай өткізілді. Концертке «Беларусь» мәдени орталығының «Жаураначак» хореографиялық ансамблі және «Ситораи Самон» тәжік этномәдени орталығының «Лола» ансамблі қатысты.