инста 5.05Бүгін ҚХА этномәдени бірлестік мүшелері мен «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлеріне «Жеңіс лентасы» тағылды. Көк байрағымыздың түсімен сәйкес келетін жеңіс лентасы Жеңіс күнін тойлау символының қазақша нұсқасын қалыптастыру үшін енгізілгені мәлім. Лентаның шеттерінде Отан соғысы орденінің бейнесі орналастырылған. Бұл Ұлы Отан соғысындағы біздің халқымыздың ерлігі мен батылдығын көрсетеді, сондай-ақ қалықтап ұшқан бүркіт бейнесі еркіндіктің белгісі, қазақстандықтардың «Жаңа Қазақстан» идеясының жоғары мақсаттарына ұмтылысын, әскери қызметшілердің батылдығы мен абыройын, Отанды қорғаудың қасиетті борышына адалдығын білдіреді.