instasaver-52820550-1Бүгін «Қоғамдық келісім» КММ-де референдумды насихаттау мақсатында «Ассамблея жастары»  РҚБ «Жаңа Қазақстанның жастары» атты дөңгелек үстел өтті. Спикері референдумның Павлодар облысындағы азаматтық штабының мүшесі Павлодар облысы бойынша «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Рамиль Смаилов.

Ата Заңымыздың өзгеріс енгізілетін 10 шақты бабын түсіндіріп, ескі баптарымен салыстыра отырып талқыға салып, толғандырған көкейіндегі сұрақтарын ортаға салды. Қоғамға үн қосу еліміздің жарқын болашағына, бәріміз бір кісідей жұмылып жаңа кезеңге қадам жасайтын маңызды күн екенін естен шығармай, дауыс беруге шақырды