WhatsApp Image 2022-06-26 at 18.32.18«Бір шаңырақ астында» жазғы фестивалі аясында татар-башқұрт этномәдени бірлестігі «Сабантуй» ұлттық мерекесін өткізді. Павлодар өңірінде аталған той отызыншы рет өткізіліп отыр. Елімізде Сабантой алғаш рет 1988 жылы Қазақстанда Татарстанның мәдениет күндерін өткізу аясында ұйымдастырылған. Мейрамға жиналған халықтың көңілі де тамылжыған табиғатпен үндесе көмкерілгендей, көтеріңкі. Бір-біріне той құтты болсын айтысып, ізгі тілектерін білдірді. Сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан ұлағатты мейрамның мәні көктемгі егісті тыңғылықты аяқтаған соң, арқаларынан ауыр жүк түскендей, жауапты маусымды еңсерген ел бір жадырап қалу. Жадыраған жазбен қауышқан шақта барша жұрттың басы қосылып, арқа-жарқа болды.

Павлодар облысының татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталығының облыстың қалалары мен ауылдарында орналасқан 9 филиалы бар. Мереке сахнасында облыстық татар-башқұрт орталығының ұжымдарымен қатар Железин, Баянауыл, аудан, Аққулы ауданы мен Ақсу қаласынан келген өнерпаздар қонақтарды қарсы алды. Сахнадан қазақ, татар, башқұрт және орыс тілдерінде ән айтылып, өлеңдер оқылды, әр қойылымды көрермендер жылы ықыласпен қабылдады.

Мереке барысында татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталығының өкілдері Павлодар облысы әкімінің орынбасары А.А. Құрманованың алғыс хаттарымен, Дүниежүзілік татарлар конгресінің алғыс хаттарымен, қазақстандық татарлар мен башқұрттар конгресінің, Павлодар облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттарымен марапатталды.

Сабантой мерекесінің басты дәстүрлерінің бірі-ұлттық ойындар. Балалар аталған ойын сайыстарына қуана қатысып, иәін ағашпен, қаппен жүгіру ойын-жарыстарына қатысып, асфальтта суреттер салды.

Сабантойдың спорт алаңында «коряш» ұлттық күресі, қол күресі, гір көтеруден жарыстар өтті. Жарыстың барлық жеңімпаздары естелік сыйлықтар алды, ал күрес бойынша жарыстың абсолютті жеңімпазы Железин ауданының өкілі Кабдулов Дархан жеңімпаз атанып, бас жүлде тігілген қойды қанжығасына байлады.