Карагожинова КМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кешегі  сұхбатын толық тыңдадым. "Қаңтар қасіреті" аталған оқиғалардан кейін еліміздегі парламент  жүйесі, саяси партияларға қатысты өзгерістер болады дегені көңілге қонымды. Қаңтар оқиғасының барша елімізді есеңгіретіп кеткені анық.
Әлеуметтік желіде әртүрлі ақпараттар таралып жатты. Бүгінгі күнге дейін көңілге күдік ұялататын ақпараттар халықтың назарына ұсынылып жатты. Алға қойған мақсатқа жету үшін  жүйені түбегейлі өзгерту қажеттілігін баса айтты.
Қиын кезеңде қатаң шаралар қабылдап, нық қадамдар жасауының себебін тарқата айтуы – көпшіліктің ойынан шықты.
Президентіміз өзі парасатты, білікті дипломат екенін тағы да бір дәлелдеді.
Әр сөзі салмақты, көңілге қонымды, тұжырымды.
Қандай жағдай болмасын, парасатты шешім елімізді алға қарай жетелейді.
Күшіміз – бірлікте! Ел іргесі сөгілмесін! Аспанымыз ашық болсын!

Қарағожинова Қатима

Ақтоғай ауданы "НҰР АНА әлемі" ҚБ төрайымы, Аналар кеңесінің төрайымы