АбдыкалыковҚазақ халқын алға жетелейтін алып күш бар.
Ол- ел бірлігі, болашаққа деген сенім.  (Цитата)
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев 11 қаңтарда жасаған мәлімдемесінде жақында еліміздегі орын алған қақтығыстың ауыр салдар – себептері мен қалаларды қалпына келтіру жұмыстарына тоқталып өтті.
Президент үндеуінде белгілеген міндеттердің ішінде ауыл шарашылығы саласына ерекше тоқталды. Бұл сала ауа-райы мен қолайсыз жағдайларға байланысты дамымай қалды. Былтырғы жылмен салыстырғанда, астық өнімі 4,0 млн.тоннаға кеміген, әрине бұл қолайсыз жағдай. Халықты тиісті мөлшерде нанмен және нан-тоқаш өнімдерімен қамтамасыз ету әрқашан да маңызды. Нан - біздің тұрғындардың негізгі азығы. Малды да, жердің де өнімділігін көтеру қажет, алдымен мал тұқымын асылдандыру, астық өндірісінде жаңа технологиялардын пайдалану – кезек күттірмейтін мәселе. Алайда бұл саланы дұрыс субсидялау арқылы шешуге болады, ол үшін мемлекет тарапынан бөлінген қаржының ауылдық жердегі шаруаларға жетуі, несиелердің қол жетімді болуы шарт. Өкінішке орай, осы салада қажетті мемлекеттік бақылау болмай отыр, субсидяны беру тетіктерін қайта қарастыру қажет.
Президент алдағы 3 жылда азық-түлік мәселесін түбегейлі шешу қажеттігін айтты, мен осы ұсынысты толық қолдаймын!
Жалпы, халықты тиісті мөлшерде азық-түлікпен қамтамасыз ету – ол мемлекеттің саясаты, тұрғындардың әл-ауқатының көрсеткіші.
Президент мәлімдемесінде кадрлар мәселесіне ерекше мән берілді. Өкінішке орай, қазіргі кезде көп салаларда кадр тапшылығы орын алып отыр, білімі бар мамандардың біліктілігі заман талабына сай емес, қай саланы алсақ та атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы төмен болуда.
Сондықтан да, келешегі бар жас азаматтарды жан-жақты білімді болу үшін Үкімет пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алдында көп міндеттер күтіп тұр. Білімді, болашақта қолынан іс келетін жастарды арнайы дайындықтан өткізіп, көп жұмыс атқару керек. Бұл мақсатта өмірлік тәжірибесі бар өз мамандығын игерген, көп жылдық тәжірибесі бар азаматтарды жан-жақты пайдалану керек. Осы мақсатта тәлімгерлік мектебін дамыту, оны жүйелі түрде іске асыру аса қажет деп ойлаймын.

 

Идият Әбдіқалықов
Өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясы
Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы