9424Ел Тәуелсіздігінің мерейтойына орай облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова Достық үйінде өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері мен зиялы қауым өкілдеріне мемлекеттік марапаттарды салтанатты түрде табыстады.
Алдымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық   медалін облысымызға есімі танымал тұлғаларды марапаттады.
Олардың арасында ұлағатты ұстаз, педагогика саласында көп жылдар бойы еңбек етен, «НҰР АНА әлемі» ҚБ белсенді өкілі, ширек ғасырдай уақыт қоғамдық өмірдің бел ортасында жүрген - Нұрғалиева Нұршат та болды.
Білікті педагог, жастарға қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын насихаттай отырып,  облыстық теле, радио – бағдарламалардың тұрақты қонағы болды.
Бүгінгі күні асыл әже зейнеткерлікте болса да қоғамдық жұмыстармен қоса, отбасы ұйытқысы болып, немере-шөбере тәрбиелеп отыр. Нұршат апа бірқатар іс-шаралардың бастамашысы, көптеген оқу орындары мен телеарналарынан салт-дәстүр, имандылық сабақтарын бергенін көпшілік ұмыта қойған жоқ.
Олай болса,  қоғам белсендісі - Нұрғалиева Нұршат анамызды осы лайықты марапатымен құттықтап, әлі де ұрпақ тәрбиесіне сүбелі үлесін қоса береді деп сенеміз.

Фото

9424