9418Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары Осин Ш.А, Кулшар М.И., Решетников С.Н. Павлодар облысына іссапары аясында Достық үйінде бірқатар кездесулер өткізді. Аталған шараға жоғары оқу орындарының студенттері, жастар белсенділері, ассамблея белсенділері және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жалпы, бұл кездесу Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. ҚХА депутаттары еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік саясатты іске  асыру, этносаралық қатынастар мәселесіне тоқталып өтті. Әсіресе, қоғамда болып жатқан тың өзгерістер: ауылдық округтер әкімдеріндің сайлануы, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мәселелері көтерілді.
Ал жастар болса өз тарапынан өздерін мазалап жүрген сауалдарды қойды, мысалы, неліктен жастардың жас мөлшері 16-29 аралығын қамтиды, оны болашақта қарастыруға бола ма?- деп сауал жолдады қатысушылардың бірі.
Маңызды кездесу ашық форматта өтті, депутат Кулшар Малик жастарға еңбекқор болыңдар, еліміздің мемлекеттік тілін барынша құрметтеп, оны клер ұрпаққа насихаттаудың қажеттілігін атап өтті.

Фото

9418

Фото

9419

Фото

9420

Фото

9421

Фото

9422

Фото

9423