16 декабря

Құрметті Павлодар облысының тұрғындары және қонақтары!

Сіздерді Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
Тәуелсіздік күні – еліміздің жарқын болашағы үшін таңдау жасалған ұлық мереке. 1991 жылы 16 желтоқсанында ғасырлар бойы халқымыз армандаған
бостандық таңы атып, Қазақстанды әлемдік қауымдастыққа мемлекет ретінде танылды.

Егеменді ел атанып, еңсемізді көтерген 30 жыл ішінде ұлттық құндылықтарымыз зерделеніп, тарих жылнамасында жаңа парақтар ашылды.
Еліміздің басты байлығы саналатын қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау жолында әрбір саналы азамат аянбай еңбек ету
де. Туған жердің төсінде, бейбіт елдің ішінде қуатты ғұмыр кешу үшін алға талпынайық, ағайын!
Баршаңызға ашық аспан, еңбектеріңізге
зор табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!
Өңірлік Қ
азақстан халқы ассамблеясы хатшылығы
АҚДБ «Қоғамдық келісім» КММ ұжымы