9385Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен 2021 жылғы 21 қазанда облыс әкімінің орынбасары А.А. Құрманованың қатысуымен «Тілдік келісім – бірлік пен тұрақтылықтың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шара барысында Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы мемлекеттік тілге қатысты негізгі міндеттерін жүзеге асыру және ұлтаралық бірлікті нығайтудағы маңыздылығы мен қазақ тілінің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлі, қоғамның барлық саласында толыққанды қызметін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Биылғы жылы облыс тұрғындарына Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, мемлекеттік тілге оқытудың тілдік-туристік-мәдени бағытындағы «Тіл керуені», көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған «Күн сәулесі», жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған «Тілдік келісім» сынды жобалар жүзеге асқаны баяндалды.
Сонымен қатар, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық филиалы мен Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумды орындау мақсатында, бизнес ортада мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған түрлі деңгейдегі кешенді шаралар өткізу, кәсіпкерлерге әдістемелік көмек көрсету бойынша кәсіпкерлер палатасының ғимаратында фронт-офис ашу және өңіріміздегі ірі сауда орталықтарына әдістемелеік көмек көрсету, көрнекі ақпаратты рәсімдеу бойынша кеңестер, бизнес тренингтер өткізу жоспарланып отыр.
Жалпы дөңгелек үстел отырысына облыстың этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Павлодар облыстық филиалының мүшелері, тіл жанашырлары мен жергілікті зиялы қауым, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және мемлекеттік тілді жетік меңгерген облыстың этнос жастары қатысты.
Сонымен қатар, жалпы қатысушылар облыс аумағындағы тіл саясатының жағдайы мен жақсы жетістіктері, тұрғындар арасында атқарылатын маңызды жұмыс бағыттарын талқылады. 

Фото

9385

Фото

9386

Фото

9387

Фото

9388

Фото

9389

Фото

9390