9355Облыстық Достық үйінде «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты Президент Жолдауының негізгі ережелерін талқылау бойынша кездесу өтті. Жолдауды талқылауға этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Кездесуді ашқан өңір басшысының орынбасары, ҚХА төрағасының орынбасары Айзада Құрманова жолдаудағы ең басым міндеттердің бірі  еліміздегі бірлік пен бейбітшілік тақырыбы болып табылатынын атап өтті.
- Мемлекет басшысы барлық басымдықтарды нақты көрсетті, - деді  Айзада Құрманова. - Атап айтқанда, ол этносаралық қатынастардың үйлесімді дамыту мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі екендігін және оған үнемі басымдық берілетінін айтты.
Аққулы ауданы Ямышев ауылындағы «Рябинушка» славян этномәдени бірлестігінің мүшесі Ирина Маринова өз сөзінде мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту заңды үдеріс екенін және қазіргі жас ұрпақ бірнеше тілдерді білуге ұмтылатынына атап өтіп, тіл үйрену арқылы өзге этностардың мәдениеті мен танымына жол ашатынын айтты.
- Мәселен, Ямышев орта мектебінің түлегі Кораблев Сергей мектепті орыс тілінде бітіріп, жоғарғы оқу орнының қазақ тіліндегі бөліміне құжат тапсырды, - деді Ирина Маринова. – Қазір ол мемлекеттік тілді жетік меңгеріп алды.
Баяндамашылардың сөздерінен кейін Айзада Құрманова өңірлік жоғары оқу орындарының басшылығы ұсынған гранттардың сертификаттарын Қазақстан халқы Ассамблеясының жас өкілдеріне тапсырды. Амантаева Дариға «Психология» мамандығы және Белый Григорий «Автоматтандыру және робототехника» мамандығы бойынша Инновациялық Еуразия университетінде тегін оқу мүмкіндігіне ие болды. Галина Евлоеваға  Павлодар педагогикалық университеті ректорының «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша гранты бұйырды.
Кездесу соңында әріптестері Ассамблеяның Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Идият Әбдіхалықовты 70 жылдығымен құттықтады. Айзада Құрманова мерейтой иесіне аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақовтың атынан құттықтау хатын табыс етті. Сондай-ақ, Идият Әбдіқалықовты Ақтоғай және Май аудандары мәслихаттарының хатшылары құттықтады.

Фото

9355

Фото

9356

Фото

9357

Фото

9358

Фото

9359

Фото

9360

Фото

9361

Фото

9362