9339

Бүгін Достық үйінде облыс әкімі, өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы А.Скаковтың қатысуымен «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» тақырыбына облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Сессиясы өтті.
Облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі А.Раисова өз баяндамасында қоғамдық институт өкілдері тарапынан атқарылып жатқан игі шараларға тоқтала келе, ассамблея құрылымдары Ақсақалдар алқасы, Аналар кеңесі, Медиация орталығы жақсы нәтижелерге қол жеткізгендерін атап өтті.
Мінбеден сөз алған Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасының анестезиолог-дәрігері Александр Родителев бүгінгі таңда тұрғындарды вакцинациялаудың қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар, Павлодар қаласы № 43 ЖББ мектебінің мұғалімі Инга Гросс мемлекеттік тілді жақсы меңгергенін көрсетті, тіл үйрену үшін тілдік орта, мемлекеттік тілді үйренуге деген құлшынысы болса жеткілікті,- деді.
Жалпы, бүгінгі Сессия отрысында ассамблеяның алға межеленген жоспары айқындалып, құрылымдары мен жастар қанатының жұмысын жандандыру ұсынылды.  Осы күні, Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен орайластыра, Ақтоғай ауданы «НҰР АНА әлемі» ҚБ төрайымы, педагогика саласының ардагері Қатима Қарағожинова «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Сонымен қатар, өңірлік ассамблея мүшелерінің құрамы бекітіліп, этномәдени бірлестіктер қатарынан облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасарлары сайланды. 

Фото

9339

Фото

9340

Фото

9341

Фото

9342

 

Фото

9343

Фото

9344

Фото

9345

Фото

9346

Фото

9347