9321Бүгін Достық үйінің базасында «Рәміздерім елдігімнің белгісі» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға «Қоғамдық келісім» КММ мамандары, облыстық этномәдени бірлестіктердің, ҚХА ғылыми-сарапатамылқ топ  мүшелері  және Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқытушылар қауымы қатысты.
Баяндамашылар: философия ғылымдарының кандидаты, С.Торайғыров университеті Е.Бекмаханов атындағы аймақ тарихы мен этнографиясы ғылыми-практикалық орталығының директоры -                 А. Құдабаев,  тарих ғылымының кандидаты, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің «Тарих» білім беру бағдарламасының доценті - Қ.Қанафин, облыс Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының бас маманы - Д.Абдрахмановалар болды. Қатысушылар жалпы, рәміздердің маңыздылығы туралы ауқымды ақпарат берді, мемлекеттік символдарды дұрыс қолдану талаптары туралы баяндады. Шара соңында С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана дайындаған «Қазақстан Республикасының рәміздері- мақтанышымыз» тақырыбына танымдық кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Иә, Мемлекеттік рәміздер – бұл туған елдің егемендігін, біртұтас мемлекет екендігін білдіреді. Олай болса, әрбір азамат көк байрағын, әнұранын, елтаңбасын ерекше мақтан етіп, құрметтеу керек.

Фото

9321

Фото

9322

Фото

9323