9318Бүгін «Тарихтан тағылым-өткенге тағзым- Память во имя будущего» Форумы аясында өңірлік ассамблеяның «НҰР АНА әлемі» ҚБ бастамасымен, сонау қасіретті жылдары қазақ жеріне депортацияланған, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған отбасылардың ұрпақтарымен кездесу өтті. Бұл жүздесу Шафер мұражай-үйінен бастау алды, ассамблеяның этномәдени бірлестіктердің өкілдері өздерінің отбасыларының тарихымен бөлісті. Сонымен қатар, солақай саясатты көздері көрген адамдар, сонау зұлмат күндерде қазақтардың соңғы нанымен бөліскенін, қарапайым адамдардың қайырымды болмысын әлі күнге дейін ұмытқан емес. Еврей ұлтының өкілі, Павлодарға есімі кеңінен танымал Наум Шафер бала күнінде қазақ жеріне жер аударылған, сол бала кезінен-ақ музыкаға құштарлығы ауып, күйтабақтар жинауды өзіне серік етті.
Жалпы, поляк, неміс, шешен, ингуш, корей, еврей, белорус этностарының ұрпақтары бүгін де ассамблеяның барлық маңызды шараларының бел ортасынан табылып, түрі басқа тілегі бір ағайындар еліміздің өркендеп өсуі жолында еңбек етіп жүр.
Кездесу соңында еңбек ардагерлері мен ЭМБ өмір жолынан өткен ақылман ақсақалдарына кішігірім сый-сияпат жасалынды.

Фото

9318

Фото

9319

Фото

9320