9310

Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!
Барша қазақстандықтар үшін ұлық мереке - Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз!
Бұл -сонау отты жылдары, сұрапыл қан майданда Отаны үшін от кешкен, қаһарман ұл-қыздардың, батыр әкелеріміз бен аталарымыз есімін еске алып, олардың рухына тағзым ететін қастерлі күн. Шынайы батырлықтың үлгісін көрсеткен батыр жауынгерлер, бүкіл әлемге бейбіт күннің шуағын сыйлады.
Ешқашан да жерімізді соғыс өрті шалмасын, ата-ана баласынан айырылмасын, көгілдір аспанымыз ашық болсын!
Құрметті ардагерлер қауымы, тыл еңбеккерлері және оның ұрпақтары!
Сіздерге баянды бақыт, отбасыларыңызға құт-берекетілейміз!
Облыс ақпарат және
қоғамдық даму басқармасының
«Қоғамдық келісім» КММ ұжымы