9286Ақтоғай ауданындағы ақ жаулықты әжелер Қасиетті ораза айында игі істердің бел ортасынан табылды. Бүгін «НҰР АНА әлемі» қоғамдық бірлестігі яғни Аналар кеңесі мүшелерінің ұйымдастыруымен «30 игі іс» марафоны аясында 7 мұқтаж отбасына азық-түлік түрінде көмек көрсетті. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың тізімін аудандық мешіт ұсынған болатын.
Жалпы, елімізді жайлаған пандемия кезінде аудандағы аналар қауымы бей-жай қарап қалмай, өз қаражаттары есебінен игі шараларға бір кісідей ат салысқан болатын. Бүгін де аталған акция ҚХА бастамасымен өңірдің аудан-қалаларында әлі де жалғаса бермек.

Фото

9286

Фото

9287

Фото

9288

Фото

9289

Фото

9290

Фото

9291

Фото

9292

Фото

9293

Фото

9294