9285Елімізді жайлаған коронавирус індеті өңірлік ассамблеяның жұмыс бағытын қайта қарап, ҚХА жаңа мүмкіндіктерін іске асыруға жол ашты.
Павлодар облысында 100 ден астам этномәдени бірлестік жұмыс істейді, оның ішінде 24 облыстық қоғамдық бірлестік. Жалпы, қоғамдық келісім мен ұлтаралық тұрақтылықты нығайтуға, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге, қазақстан халқының мәдени мұраларын зерделеуге бағытталған іс-шараларға үлкен мән беріледі.
Шынымен, өткен жылы COVID-19 бүкіл елдің өмір сүру тәртібін өзгертті, тұрмысы төмен және мұқтаж жандарға көмек көрсету Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы белсенділерінің күнделікті міндетіне айналды.
«Biz Birgemiz» Республикалық қайырымдылық акциясы жарияланған кезде, ҚХА өкілдері бірден қолдау көрсетті, олар  өз қаражаттарына азық-түлік жинағын, медициналық маскаларды, дезинфекциялық антисептиктерді және т.б. жинап, таратты. Мысалы, бір ғана «Возрождение» облыстық немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігі зейнеткерлерді қолдау жобасын қолға алып, апта сайын карантиндегі қарт адамдарға азық-түлік жиынтықтарын жеткізді. Ал Аналар кеңесінің және бірқатар этномәдени бірлестіктердің өкілдері облысымыздың аз қамтылған азаматтарына азық-түлік, дизенфекция құралдарын тегін таратты.
Ал биыл қайрымдылықтың қалыптасқан дәстүрі «30 игі іс» ұлттық жобасы аясында да жалғасын табуда, кешенді істер марафоны коронавирус эпидемиясы аяқталғаннан кейін де іске аса бермек.
Әлемді жайлаған пандемия біздер үшін сынақ болды, бірақ қамқорлықтың нәтижесінде біздер мүмкіндіктерімізді біріктірдік. Өңірлік ассамблея өкілдері «Берекеміз-бірлікте» деген ұранымен болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді.

Фото

9285